Танымал блогер, кәсіпкер Дина Төреәлі тұңғышының бесік тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tattti_kyz/

Блогердің айтуынша, ұлына нағашылары дүние әкеліп, шағын құдалық өткізген. 

“Нағашылары Ерманбиге бірінші бесігі мен дүниесін алып келді. Біраз заттары Америкадан енді келеді. Нағашыларына Алла риза болсын! Бәріңізге той жұғысты болсын! Ерманби батырымыздың алғашқы үлкен торты.
Әдейі ата әжесіне кестіріп жесін дедік. Балаларының тортын жеп, осындай немерелерімен өмірлері тәтті болсын деп ниет еттік. Ата-анамызға ерекше алғыс! Немереміз үшін деп ең жақсысы ең мықтысы болсын деп шапқылап өздері ұйымдастырған тойлары. Сіздердің үміттеріңізді ақтап үлкен азамат болып өссін. Алла разы болсын!”, – деп жазды блогер. 

  • "Амалсыздан көніп тұрған сияқты": Актриса Салтанат Серкебаеваға сырға салынды

  • "Қазан-ошақ жыртысы": Гүлзира Айдарбекова құдалық тойында ескі дәстүрді жаңғыртты

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап жатса, енді бірі ысырап дүние деп сынап жатыр. 

“Кедей тоңып секіреді, бай тойып секіреді деген рас екен”, “Жұрт нанға ақша таппай отырғанда, бұлар ас та төк етіп дастархан жаяды”, “Той керемет өтті”, “Бай байға құяды деген осы”, “Сәбидің дүниесін көріп, үлкендер қызығып отырмыз”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Dina Toreali (@tattti_kyz)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.