24 қаңтарда Ресейде украиналық тұтқындар мінген ұшақ жарылды. Көп ұзамай Ил-76 апатқа ұшырағанда мерт болған адамдардың бірі Өскемен тумасы екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТАСС

Екінші ұшқыш Алексей Высокиннің әйелі Ольга бұл жайлы RT басылымына баяндаған. 

"Күйеуім бұрып жіберген басқа ұшақтың бортында деп үміттендім. Бірақ оның апатқа ұшырағанын түсіндім, сенгім келмеді", – дейді Ольга. 

Сондай-ақ ол күйеуінің марапаты көп болғанын атап өтті. Высокин Сириядағы соғыс қимылдарының ардагері болған және 2022 жылы қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға да келген. Өзі Өскемен тумасы екен. 

Бұған дейін Ил-76 әскери ұшағы жоспарлы ұшу кезінде Белгород маңында апатқа ұшырағанын хабарлаған едік. Қорғаныс ведомствосының сөзінше, ұшақ бортында алты экипаж мүшесі мен Украина Қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 сарбазы мен оларды алып жүрушілер болған. Олар тұтқын алмасу үшін ұшып бара жатқан. Бәрі қаза тапты. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.