Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының ең үздік спортшысы Кирилл Герасименко Singapore Smash турнирінде сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Кирилл Герасименко ең беделді турнирлердің бірі саналатын Singapore Smash турнирінде Қазақстан атынан жалғыз қатысады. ITTF рейтингінде 40-орында тұрған отандасымыз әлемде үздік ондыққа енген Фан Жэндонг (Қытай), Ван Чуцинь (Қытай), Ма Лонг (Қытай), Лян Цзинкунь (Қытай) сынды сайыпқырандармен сынға түседі. Бұл турнирге жалпы есебі 298 спортшы қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Кирилл Герасименко жақында ғана Пусанда өткен әлем чемпионатына қатысып, Қазақстан құрамасы үздік 24 команданың қатарына енуіне үлкен үлес қосқан еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.