Сот Алматыдағы 6 жасар Лиза Пылаеваның жұмбақ өліміне қатысты істі прокуратураға қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: facebook.com/larikovigor

Алматыда 6 жасар Лиза Пылаеваның жұмбақ өліміне қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Сотта белгілі болғандай, Леонард Рыжаковтың ісі бойынша айыпталушының мүддесін қорғаған үш адвокат пен күдіктінің өзі де істі прокуратураға қайтаруды сұраған. Құқық қорғаушылар мен күдіктілер іспен толық танысқан жоқпыз деп отыр. Сондай-ақ, марқұм қыздың тәтесі адвокат Шмакованың айтуынша, іс материалдарында сот-психологиялық сараптама жоқ.

Өз кезегінде, іске қатысы бар тағы бір адам, күдікті Уктаб Махмудов қылмыстық іс материалдары оның өзбек тілінде емле қателерімен берілгенін, соның салдарынан істің мәнін түсінбегенін айтты. Бұл ретте марқұмның әкесі іспен толық танысып шыққанын айтады.

Прокурорлар істің мән-жайын айтты. 

"Іс материалдарында күдіктілердің танысу туралы жазбаларына адвокаттар қол қойған. Күдіктілердің өздері іспен толық таныспағандарын алға тартып отыр. Сот-психологиялық сараптаманың жоқтығына келсек, егер құқық қорғау органдары күдіктінің психологиялық жағдайына күмәнданатын болса, сараптама тағайындауы керек", – дейді прокурорлар.

Сотта Лиза Пылаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс 54 томнан тұратыны белгілі болды. Сот құқық қорғаушылар мен күдіктілердің істі прокуратураға қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды.

Еске сала кетейік, Алматыда Лиза Пылаеваға қатысты соттың алдын ала тыңдауы басталып, онда прокурорлар айыптау актісін оқыды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.