Қазақстандық арнайы жасақ жауынгерлерінің Дубайдағы жарыс кезінде командаласына көмектесіп, мәреге бірге жеткені желіде таралған еді. Stan.kz тілшісі турнирге қатысқан қазақстандық команда өкілдерімен тілдесіп, аяғы сынған жауынгердің жағдайын білді. 
 

Фотоны Stan.kz тілшісіне UAE SWAT CHALLENGE жарысына қатысқан арнайы жасақ жауынгерлері ұсынды

Дубайда өткен SWAT Challenge турнирінде қазақстандық "Сардар" арнайы жасағы үшінші орынға ие болды.

The UAE SWAT Challenge – күш құрылымдарының арнайы мақсаттағы жасақтары арасында бейресми өткізілетін әлем чемпионаты. Бұл жарысты "Арнайы күштер олимпиадасы" деп те атайды. Биылғы жарыс бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Мұнда 48 елден 87 команда бес санат бойынша бақ сынады. 

Олимпиада басталғалы бері арнайы жасақтар төтеден келген оқыс оқиғаларда тосыннан жедел тойтарыс беруге және кедергілерді еңсеру, қарудың барлық түрімен нысанаға дөп тию, кепілге алынғандарды босату, жаралыларды эвакуациялауға дайындығын көрсетіп бақты. 

Алайда төртінші күні "Сұңқар" тобының жауынгері "Мұнарадағы оқиға" жарысында биіктен секіру кезінде аяғын сындырып алды. Сарбаз аяғының зақымданғанына қарамастан, бір аяғымен жүгіруді тоқтатпаған. Арнайы жасақ жауынгерлері сайыс кезінде командаласына көмектесіп, Дубайдағы турнирдің батырлары атанды. Әскерилердің бұл табандылығы мен бірлігі желіде тарап, көпшілікті сүйсіндірді. Желі оқырмандары шетелде бақ сынасқан отандастарының намысты қолдан бермей, мәре соңына дейін бірге жеткендеріне тәнті болды. 

Әлеуметтік желіде оқырмандар "Бауырлар, сендер нағыз чемпионсыңдар!", "Сынса бас айналады, аяқ қозғалалмай қалады. Бұл жауынгер мықтының мықтысы екен. Рух пен миы бәрін басқарып келе жатыр", "Осындай ер азаматтарымызды көргенде, еліміздің болашағы мықты екеніне сенемін! Тіпті, жылағым келіп кетті. Жанына батса да, аяғына дейін шыдады, командаластары да тастамай көмектесті. Жасасын қазақ жігіттері!", "Нағыз команда, нағыз рух, наурыз досқа деген адалдық. Тура өзіміз жүгіргендей өзіміз көтергендей қиналып кеттім ғой" деп жарыса пікір жазды.

Бұл ретте жарысты ұйымдастырушылар да қалыс қалмады.

"UAE SWAT Challenge жарыстарына қатысу сәтінде қазақстандық "Сұңқар" арнайы бөлімінің командалық рухы мен ынтымақтастығын көрсететін үзінділерді бөлісеміз. Жеңіс – маңызды емес, батылдық үлкен маңызға ие. "Біз мәреге бірге жетеміз немесе ешқашан". Тактикалық команда досын орта жолда қалдырмай, барлық кедергіні бірге жеңген кезін және төзімділік пен жолдастықтың керемет көрінісін қараңыздар", – деп хабарлайды турнирдің баспасөз қызметі.

Ал Қазақстан командасының жетекшісі Ержан Байжанов жауынгерге сол күні турнир аяқталған соң, тиісті көмек берілгенін және аяғы 3 жерден сынғанын атап өтті.

Жетекшінің айтуынша, ол сол күні елге оралып, аяғына операция жасалған. 

Фото: uaeswatchallenge

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Dubai Police شرطة دبي (@dubaipolicehq)

"Жағдайы жақсы. Тиісті көмек берілді. Жауынгердің табандылығын мақтан етеміз", – деді команда жетекшісі.

Сонымен қатар Ержан Байжанов бұл жылы жарысқа жақсы дайындықпен барғанын жеткізді. 

"Біздің жігіттердің дайындығы қарсылас командалардан кем емес, біздің жігіттер мықты. Нәтижемізді жоғары деңгейде көрсетуге дайынбыз. Қазақстан, алға!" – деп жауап берді арнайы жасақтың жетекшісі.

Отандастарымыздың жетістігіне Дубай полицияның өкілдері де пікір білдірді.

"Қазақстан командасының чемпионатқа қатысып жатқанына қуаныштымыз. Жеңімпаз командалардың арасындағы айырмашылық тек секундтар ғана. Әсіресе, мұны тактикалық жарыста байқадық. Командалардың биылғы дайындығы өте мықты. Бүркіт, Сұңқар, Сардар, Арыстан жігіттері жарыстың алғашқы сәтінен-ақ анық әрі шебер іс-қимылымен көзге түсті. Әр жарыста қырағылық танытып, жауынгерлік машықтарының мықты екенін мойындатты", – деді Дубай полициясының ресми өкілі Абдулла Алшайх.

@kadyrahmet #сардар #казахстан🇰🇿 #казахстан #дубай #dubai ♬ оригинальный звук — SARDAR

Бұл жылы турнирге алғаш қатысып отырған тағы бір қазақстандық "Бүркіт" арнайы жасағы жарыста әділетсіздік болғанын және келесі жылы мықты дайындықпен оралатындарын айтты. 

"Командамыз жарыстың соңғы сайысында кедергілер алаңындағы сәтсіздікке байланысты үздік ондыққа кіретін мүмкіндігінен айырылды. Жаттығуды дұрыс орындамады деп шешкен төрешілер сайысты жалғастыруға жол бермеді. Бірақ ұйымдастырушылардың бұл шешімі әділетсіз көрінді. Сауатты орындағанына сенімді жауынгерлер апеляцияға өтініш бергенімен, ұйымдастырушылардың пайдасына шешілді", – деді Ұлттық ұланның арнайы мақсатта құрылған "Бүркіт" командасының мүшесі (ҚР құпия арнайы жасағы болғандықтан аты-жөні көрсетілмейді).

"Бүркіт" бөлімшесінің басты мақсаты – экстремизм және лаңкестікпен күресу, мемлекет мүддесіне және адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерлерге қарсы жедел әрекет ету.

Осы орайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі жауынгерлердің дүбірлі додада, кәсіби және тактикалық шеберліктерін шыңдап, мүмкіндіктерінің жоғары екенін және көрсете білгенін айтады.

"Ендігі мақсат биыл жіберілген қателіктерді ескеріп, осы жылы жарысқа қатысқан команда мүшелерін “SWAT Challenge 2025” жарысына жоғары деңгейде дайындау. Еліміздің атынан үздік шығып, жалпы командалық есепте жүлделі үшінші орын алған “Сардар” командасын шын жүректен құттықтаймыз!" – деді "Бүркіт" командасының мүшесі.

Фотоны Stan.kz тілшісіне “Бүркіт” командасының мүшесі жіберген

"Бүркіт" арнайы жасағының жауынгері Дубайға бірінші рет келіп отырғанын және бұл шараға қатысу арқылы көп нәрсені үйренетіндерін тілге тиек етті.

"Бұл бейресми әлем чемпионаты. Оны арнайы жасақ олимпиадасы деп атаған жөн. Жарыс арнайы күштердің бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттырып, әскери дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоғары шеберлік пен физикалық төзімділік танытқан үздік команда 1 миллион дирхамды қанжығасына байлады", – деді "Бүркіт" командасының жауынгері.

Турнир басталмай тұрып, жасақ сарбаздарына жеребе тасталған. Жеребе бойынша алғашқы күні "Бүркіт" командасы 74-нөмір бойынша сайысты. Алайда бұл күн бүркіттіктер үшін сәтсіз басталды. SWAT Challenge 2024 халықаралық жарысының екінші күні "Бүркіт" командасы өте жақсы нәтиже көрсетті. Бүкіл әлем көз тіккен сайыста мәреге 2 минут 4 секундта жетіп, 50 мемлекеттен келген 74 команданың ішінде 12 орынға жайғасты. "Офицерді құтқару" сайысында жылдамдық бойынша бүркіттіктер талай команданы басып озды. Алайда жаттығуды орындау барысында туындаған қателікке байланысты айып салынып, 1 минут уақыт қосылған. 

Ал төртінші күні команда сынақты 37-болып орындады. Бұл жолы біздің команда үздік нәтижеге жетіп, сайысты 3 минут 7 секундта аяқтады. Нәтижесінде, олар бүгінгі сайыс бойынша алтыншы орын алды. Алайда қорытынды кезеңде команда ондыққа іліне алмай, 20 орынды қанжығалады.

"Бүркіт" арнайы жасағы сарбазының мәліметінше, 4 команда елге ертең оралады. 

SWAT Challenge бес күнге жоспарланған және 7 ақпанға дейін жалғасқан айтулы бәсекеде Қазақстан атынан "Бүркіт", "Сұңқар", "Сардар" және "Арыстан" арнайы жасақ өкілдері бақ сынады. Жарыстың бес күнінің қорытындысы бойынша үздік құрама 1 миллион дирхам немесе 270 мың доллардан астам қаражатқа ие болды.

Фото: uaeswatchallenge

Фото: uaeswatchallenge

Жарыстың алғашқы минуттарынан бастап олар ерекше дәлдікті, физикалық төзімділікті және командалық рухты көрсетті. Алайда сайыстың екінші күні отандастарымыз "Дубай полициясы", "Қалқан" және "Алмаз" терроризмге қарсы арнайы бөліміне есе жіберді.

Ал келесі күні Сұңқар – 73 балмен топ жарса, Сардар – 72 және Түркияның Харекат командасы 71 ұпаймен жүлделі орынды еншіледі.

UAE SWAT CHALLENGE сайысының төртінші күні "Мұнарадағы оқиға" жаттығуында ҚР мемлекеттік күзет қызметінің SARDAR командасы сынақтан 02 мин 57 секундта өтіп, үшінші орынға ие болды.

Турнирдің соңғы күнінде Руанда – 52, Қырғызстанның "Қалқан" жасағы – 51, Өзбекстан – 50 ұпаймен қорытындылады.
Жалпы финалда Dubai police B – 325, Dubai police A – 303 және SARDAR арнайы жасағы – 302 ұпай еншілеп, командалық есепті үшінші орынды місе тұтты.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.