Белгілі академик Дархан Қыдырәлі әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге көне қобыздың көшірмесін сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dimashnews порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/darhanqydyrali/
Академиктің айтуынша, V-VII ғасырда жасалған аспап 2014 жылы экпедиция кезінде табылған. 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде – ең көне қобыз Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде табылған. II-VII ғасырларға тән бұл аймақтар – ата-бабаларымыздан қалған мұраларымызды танып-білуге негіз болған мәдени-тарихи жер. Қобыздың бір данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы болашақ ұрпаққа сақтау үшін мұражайда қойылған.
-
"Димаштың қолтаңбасы бар": "Қазақстан аруы өзіне берілген ерекше сыйлықты аукционға шығармақ
-
Димаш үшінші рет "Халықтың сүйіктісі" атағына ие болды
“Экспедиция кезінде табылған қобыз – бүгінге дейін табылған мұралардың ішіндегі ең көнесі және бірегейі. Ол қазақтың ғана емес, бүкіл көшпелі халықтардың ұлттық аспабы. Осының бәрін ескере келе, біз бұл қобызды ата-бабамыздан қалған қасиетті мұра ретінде шығармашылық жолы табысты, баянды болсын деген ізгі ниетпен Димашқа беруді жөн көрдік, – дейді Дархан Қыдырәлі.
Еске салайық, Ақтөбе жұрты жол жөндету үшін Димаш Құдайбергенді үйлеріне тіркеуге дайын екенін айтқан еді.
Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.