Белгілі әнші Роза Рымбаева мен мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов алаяқтың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабаралайды. 

Алаяқтық әрекетіне қатысты іс өткен жылдың қараша айында Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотыны келіп түскен, алайда кейіннен бұл істі басқа сотқа беру туралы мәселе қаралған.

"2023 жылғы 20 қарашада сотқа Бекқайыровқа қатысты қылмыстық кодекстің "Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс түсті. Іс материалдарын қарау барысында Бекқайыров Алматының бірнеше ауданында қылмыстық әрекеттер жасағаны анықталды. Бірінші жәбірленуші Дәулет Тұрлыхановқа қатысты сотталушы жәбірленушінің үйінен ақша ұрлағаны анықталды", – делінген сот хабарламасында.

Сотталушы Бекқайыровқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, қылмыстық іс Алмалы аудандық сотына жіберілген.

"Парламентте жағдайы жоқ депутаттар да бар": Дәулет Тұрлыханов қанша жалақы алатынын айтты

Алматының Алмалы аудандық соты бұл іс бойынша тағы бір жәбірленуші ҚазКСР халық әртісі Роза Рымбаева екенін хабарлады.

Бұл іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.