Танымал жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира Мекке қаласына құлшылыққа аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Өнерлі жұптың көптен бері ниет етіп жүрген жоспары екен. 

“Ол кезде студентпіз. Қыз бен жігіт болып та жүрмейтін кезіміз. Бір күні Жанболат маған Қағбаның алдында суретке түскен шетелдік бір кісінің фотосын көрсетіп, “Мынау мен ғой” деп қалжыңдады. Сол айтқаны орындалып, 30 жылдан кейін қасиетті мекенге табанымыз тиді. Үлкендердің “ойнап сөйлесең де, ойланып сөйле” деген ақылы дұрыс екен”, – дейді әнші. 

 

  •  "Құлшылық жасауға емес, фотоға түсуге барған": Меккеге барған Қыран Талапбектің әйелі сынға қалды
  • Қажылыққа барудың ең қысқа жолы: Меккеге барар алдында нені білу керек?

Сонымен қатар Жазира Байырбекова күйеуінің екі әйел алуын қолдамайтынын да айтты. 

“Үшінші адам әрқашан артық болады деп ойлаймын. Құптамаймын. Отбасылық өмірде ер адамдар үй шаруасына көмектесу қажет. Бірақ біздің Жәкең көмектеспейді. Баяғыда жігіттер сыртта жүрген, аң аулаған, соғысқа кеткен. Әйел адамдар үйде бала бағып отырған. Ал қазір әйелдер де, ер адамдар да жұмыс істейді. Сол себепті үй шаруасында көмектескенде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өз адамы ғой. Мықты ер адам әйел адамға күшін көрсетпейді", – деп қысқа қайырды өнер иесі.  

 Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.