Желіде талқылаған Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың жазбаларына қатысты Аша Матай пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Taboo” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Өнер иесінің ұлы бейтаныс қызға жазған интим хаттары тараған еді. Ол жерде жігіт қызды қонақүй жалдап, төсектес болуға шақырған. 

“Әлеуметтік желіден көріп, қатты қапаландық. Тіпті, жолдасым Арманмен бірге отырып, талқыладық. Дегенмен, бұл баланы жақсы танимын деп айта алмаймын. Бірақ ата-анасы жақсы танимын. Бір-екі рет Нұрлан ағаның қасынан көрдім. Ондай жаман қылықтарын байқаған жоқпын. Әкесі керемет жан. Үйіндегі жеңгемізбен де сәлеміміз түзу. Олжасты жолдан тайдыру үшін әдейі ұйымдастырылған да болуы мүмкін. Егер қыз өзін жақсы ұстаса, ондай әңгіме жазылмас еді деп ойлаймын. Балалықпен де жазылған болуы мүмкін. Бірдеңені кесіп-пішіп айту қиын. Өзіңді не күтіп тұрғанын білмейсің. Болашақта балаларымыз қалай болады?! Отбасы үшін ғана қиын жағдай. Соңы жақсы аяқталсын”, – дейді актриса. 

  • Алматыда Баян Мақсатқызының шоу-мюзиклі өтті (фото)

  • "Сөкпеңіздерші": Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетті

Айта кетейік, желіде Олжас Еспановтың бейтаныс арудан кешірім сұраған хаты да таралған еді. 

“Осылай адамға ұқсап сөйлесейік десең, өзің диалогке келмей жатырсың. Халықтың алдында абыройым айрандай төгілді. Кінә менен болды. Өзің де біліп тұрсың. Ойнастықтан болған болар. Пендеміз ғой, қателестім. Алла алдында жауап беремін. Бұл өмірде ешкім пәк емес. Умраға барғаннан кейін қойғанмын. Жігіт болған соң қараған шығармын”, – деп ақталды жігіт. 

Еске салайық, даулы жанжалдан кейін өнер иесінің ұлы жұмыстан шығарылып еді. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.