Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бүгін Қазақстан прокуратурасының, cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері cыртқы істер министрлігі мен ІІМ интерполының көмегімен аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан азаматты экстрадициялады", – деді агенттік өкілі.
Сонымен қатар агенттік өкілінің айтуынша, сотталушы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне ықпал еткен. Ең қызығы, көмек бергені үшін кәсіпкерлерден 37,5 миллион теңге көлемінде пара алған.
-
Алматы облысында 12 миллион теңге пара алған судьяға үкім шықты
-
Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатын болды
Күдікті бұл жымысқы әрекетінен кейін тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың қазан айында күдікті Грузияда ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айта кетейік, айыпталушының мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Бұған қоса, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.