Түркістан облысында ер адам әйелі мен балаларына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапқан ақшасын ішімдікке жұмсап отырған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жәбірленушілердің арызын қанағаттандырмай,  немқұрайлық танытқан шенеуніктерді жазалауды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pexels.com

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Кожабекова бес баланың анасы, Жетісай ауданының тұрғынымен жеке кездесу өткізді.

Белгілі болғандай, әйел мен балалары жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен. Келіншік өздері үнемі бір бөлмеге тығылып отыратынын, күйеуінің банк картасын пайдалануға рұқсат бермейтінін айтты. Отағасы барлық табысын ішімдікке жұмсап, балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлейді екен.

  • "Заң авторы – 4 адам:" Нұрболхан Шарапов бала құқығына қатысты заңды сынады

  • "Жүрегіңе пышақ тығып өлтіремін": Түркістандық келіншек имам күйеуінің таяқтың астына алып, күн көрсетпейтінін айтты

"Қазіргі уақытта әйел мен оның балалары "Көмек" дағдарыс орталығына орналастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті уәкіл аудан мен ауыл әкімдіктері, полиция, Жетісай аудандық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіп, жиын барысында қатысушыларға нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар тұрғындардың кез келген проблемасына бейжай қарамауға шақырды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Шенеуніктердің немқұрайлы көзқарасы мен алдын алу шараларының болмауы көп балалы отбасының қазіргі жағдайына себеп болып отыр.

Бұл ретте Наталья Кожабекова құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жөнінде құзырлы органдарға ұсыныс жолдады.

Еске салайық, ғаламторда кәмелетке толмаған балалардың суретін рұқсатсыз жариялап, көңіл айтқан алаяқтың жазбасы тарады. Күдікті желі арқылы жеткіншектерді көз жұмды деп жалған ақпарат таратып, жаназасына ақша жинағанын жаздық.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.