Желіде Алматыдағы №41 мектептің оқушылары дәлізге сыймай жатқаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан алынған скрин

Кадрлардан оқушылардың бір-бірінің үстіне міңгесіп, айқайлап жатқанын байқауға болады. Алматы білім басқармасының хабарлауынша, аталған жағдайдан кейін білім ордасының директоры қызметінен босатылды.

  • Оқушылар мектеп дәлізіне сыймай жатыр: Астана мен Көкшетаудың білім басқармаларының басшылары жазаланады
  • "Көмектесіңдер": Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар дәлізге сыймай қалған

"Жобалық қуаты 870 орынға есептелген мектепте екі ауысымда 1426 оқушы білім алады. Білім ордасындағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2023 жылы "Самғау-2" шағын ауданында 2000 орындық "Комфорт" мектебінің құрылысы басталды. 27 ақпан күні екінші ауысымнан кейін бірінші қабатта орналасқан мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде оқушылар қарасы көбейіп кетті. Оның себебі – оқушылардың киімін ауыстыру үдерісінің дұрыс ұйымдастырылмауы", — делінген хабарламада. 

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше,  білім ордасында бұрын соңды мұндай жағдай болған емес. Зардап шеккендер жоқ.

 

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау қаласындағы мектептердің бірінде мұғалімдер мен оқушылар дәлізге сыймай қалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.