Түркістан облысында Біртілек ауылында жоғалған баланың денесі табылды. Оның жоғалғаны туралы ақпарат кеше түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Фото: depositphotos

Министрлік дерегінше, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түскен. 

Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.

“Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды.

Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.