Қазақстандықтар енді қалаған зейнетақысын алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қанша жарна салып отыру керектігін есептей алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, қор болашақ зейнетақыны жоспарлаудың жаңа құралы – жеке зейнетақы жинақ жоспарын іске қоспақ. Осылайша қазақстандықтар қалаған зейнетақысын алу үшін БЖЗҚ-ға қанша жарна салу керектігін есептей алатын болады.

Сондай-ақ жеке зейнетақы жинақ жоспары пайдаланушыға өз бетінше:

— зейнетақы жинақтарының ағымдағы көлемін ескере отырып, зейнетақы төлемдерінің қажетті сомасы негізінде жарналардың қажетті сомасын есептеуге;

— жеке жинақ жоспарының орындалуын бақылауға (автоматтандырылған жеке хабарламалар жүйесі арқылы) мүмкіндік береді.

Болашақ зейнетақыны жоспарлау қызметі БЖЗҚ веб-сайтындағы жеке кабинетте қолжетімді, оған кіру кезінде пайдаланушы осы қызметті пайдалану мүмкіндігі туралы бір реттік хабарлама алады.

"Салымшы өзінің зейнетақы жоспарының орындалу барысын бақылайды, сондай-ақ жоспардың орындалу барысын ай және жыл бойынша пайыздық және ақшалай түрде қадағалай алады, мысалы, зейнетақы жинағының жетіспейтін сомасын ерікті зейнетақы жарналары есебінен толықтыра алады", – делінген хабарламада.

Қордың баспасөз қызметі салымшы жеке жоспарының кіріс параметрлерін кез келген уақытта өзгерте алатынын, мысалы, қалаған зейнетақының басқа мөлшерін көрсетіп, жаңа жоспар құра алатынын атап өтті.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.