Таяуда ана атанып, декрет демалысына кеткен әнші Ерке Есмахан тағы бір жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Әнші ұлын бесікке салып, қырқынан шығарған еді. 

“Жолға дайындалып жатырмын. Күйеуім іс-сапардан келді. Муслим сабағында жүр. Ислам бесікті қатты жақсы көріп қалды. Керемет жаңалығымыз бар. Артынан естімедік деп жүрмеңдер. Ән салып, фотоға түсіп, әңгімелескілерің келе ме?! Олай болса біздің ән сапарымыз басталды. Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Ақтау қалаларына барамыз”, – деп қуантты өнер иесі. 

Сондай-ақ, әнші босанғаннан кейінгі дене бетімін де көрсетіп, оқырманынан пікір күтті. 

“Декреттегі Еркеден әнші Еркеге оралғысы кеп жүрген мен ғой. Сахнаны сағындым. Сіздер де мені сағынған шығарсыздар”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

  • "Қаңтарда отбасын құрып, желтоқсанда сәбилі болдық": Ерке Есмахан халықты Жаңа жылмен құттықтады
  • "Әйеліммен Ерке Есмахан таныстырды": Режиссер Тимур Болатов қайын әпкесі туралы айтты

Желі қолданушылары мен әншінің тыңдарманы жарыса пікір жазып жатыр. “Босанғаннан кейін одан бетер сұлуланып, нұрланып кетіпсіз.🩷Ана болудың сезімін ерекше сезінген екенсіз. Жұғысты болсын!”, “Дана Еркеден, ана Еркеге айналған өте әдімі жарасады екен”, “Томпақтығың өзіңе жарасып тұр”, “Өзіңізді сағындық. Кішкентай жігіт рұқсат берсе сахнаға шығыңыз”, “Есімі де ерекше. Көйлегі де керемет. Сіз – басқаға ұқсамайтын, ашық-шашық киінбейтін, сахнаны да, халықты да сыйлайтын әншісіз. Сондықтан сізді құрметтеймін. Әйелге тән барлық қасиет бар. Райым екеуіңіз керемет жұпсыздар”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Еске салайық, өнерлі жұп баласын қырқынан шығарғаннан кейін, шетелде демалатынын айтқан еді.  


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.