Танымал өнерлі жұп Тоқтар мен Бейбіт алматылықтардың үрейін ұшырған жер сілкінісі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/toktar_beibit/

Өнер иелері ұзақ жылдан бері Алматы қаласында тұрып жатыр. 

“Балалар өсіп қалды. Жақсы оқудың бәрі Астанада бар. Оның үстіне елдің астанасы, көркейіп жатыр. Бірақ Алматыдағы дүмпуден кейін деп ойлап қалмасын. Менің үйім әзір құлайтын үй емес. Бұрын Алматыдан кетпей жүріп алдым. Анама ауылдан Алматыға келу оңай болатын. Анам марқұм "Астанаға көшсең, бара алмай қалам-ау. Маған қиын" деген еді. Анамның бір ауыз сөзі үшін Алматыда қалдым. Оның үстіне Бейбіттің әкесі Алматыда тұрады. Үйіміздің ара қашықтығы жақын. Солар жанымызда болғасын, алыстағымыз келмеді. Үлкен ұлымның мектебін де қимаймыз”, – деп шынын айтты Тоқтар Серік. 

  • "Қазақпен құда болсам екен": Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды

  • "Көліктің ішінде кім жеңетінін күтіп отырдық": Қарақат Әбілдина Медеу Арынбаев пен Қыдырәлі Болманның төбелескен кезін еске алды

Сонымен қатар жұлдызды жұп бала тәрбиесіне қатысты да ойларын бөлісті. Тоқтардың айтуынша, әйеліне үй шаруасына көмектесетін көрінеді. 

“Кейде Бейбіттің көмекшісі болмай қалғанда, көмектесіп тұрамын. Үй жинап, жерде жатқан қоқысты аламын. Соны балаларым да көрсе екен деймін. "Әкең келе жатыр", "әкеңнің алдында бүйтпе", "әкең ұйықтасын, демалсын" дейді. Бұл үйде қатып қалған қағида. Үлкен ұлдарыма мен ақыл беремін. Әсіресе Беколжаспен жиі сырласамын. Достарының бәрін танимын. Ұнататын қызын сұраймын. Қаймығып қалмасын деп үнемі "әкесі жоқ қызды жылатпа, ағасы жоқ қызды ренжітпе" дейді қазақ. Жүріп жүрген қызың болса құрметпен сыйла. Кейін қосылмай қалған күннің өзінде болашақта құрметпен қарайтындай жүр. Ренжітуші болма" деймін. Өз басым қыз баланы ренжітпеген адаммын", – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.

Еске салайық, өнер иелері марқұм ата-анасын еске алғанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.