Маңғыстау облысында бес құрылыс нысаны сот шешімімен сүрілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Заңсыз салынған ғимараттарды бұзу және заңдастыру бойынша сотқа барлығы 32 талап-арыз түскен.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, қазір 29 талап бойынша ғимараттарды бұзу туралы шешім шығарылған.

 

  • "Мәтіннің түпнұсқалығы 1%-дан аз": Мәжілісмен құны 382 миллионнан асатын жаңа Құрылыс кодексіне шағымын білдірді

"Қазіргі таңда сот шешімімен бес нысан мәжбүрлі түрде сүрілді", – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін алдағы уақытта облыс прокуратурасы уәкілетті органдардан жер телімдерін заңсыз беруді болдырмау және жою аясындағы шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуды сұрайды.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.