Алматыда могул фристайлынан әлем кубогының бірінші жарыс күні аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті таратқан ақпаратқа сүйенсек, әйелдер арасында Юлия Галышева 68.58 ұпаймен бесінші орын алған. Ал бірінші орынды австралиялық Энтони Джакара 82.74 ұпаймен жеңіп алған.

“Ерлер арасында Павел Колмаков 72.53 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери 84.89 ұпаймен топ жарды”, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ 9 наурыз күні параллельді могулдан жарыс өтетіні атап өтілді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.