Мәскеудегі Басманный аудандық соты "Крокус сити холлдағы" теракте қатысты сегізінші күдікті Алишер Касимовті тергеу изоляторына қамау жөнінде үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Касимов терактке қатысы бар күдіктілердің біріне пәтерін жалға бергені үшін айыпталды. Сотта ол пәтерді жалға беру жөнінде хабарлама жариялағанын, жалға алған адамды танымайтынын айтты. 

Касимов – Қырғызстан тумасы, Ресей азаматтығын алған. Мәскеу облысы Красногорск ауданындағы Путилково ауылында тіркелген, 32 жаста. Ресейлік БАҚ мәліметіне сәйкес үйленген, үш баласы бар. Жеке кәсіпкер ретінде дәмханаға иелік етеді. 

Сот отырысына Касимовтің туыстары келді. Ал анасы отырыстан кейін ұлының қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты. 

"Менің ұлым жақсы адам, оның кінәсі жоқ. Оларды танымайды да, "Авито" арқылы тапқан. Ести салысымен осында келдім", — деді анасы. 

24 наурызда Басманный аудандық соты қанды қырғынға қатысы бар 4 адамды 22 мамырға дейін қамауда ұстау туралы үкім шығарды. Далерджон Мирзоев, Саидакрами Рачабализоду, Мухаммадсобир Файзов пен Шамсиддин Фаридуни кінәларын толық мойындады. 

Бұдан кейін ағайынды Диловар мен Аминчон Исломовтар, оларлың әкесі Исроил де қамауға алынды. Оларға ұйымдасқан топ құрамында теракт жасады деген айып тағылған.

Тергеу мәліметіне сәйкес Диловар мен Аминчон топ құрамында болған. Кейін топқа Шамсиддин Фаридуниді қосқан. Сондай-ақ тергеу дерегінше Исломовтар террористерге пәтер мен көлік беріп, ақшаларын тасымалдаған. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.