Закон Республики Казахстан



жүктеу 260.95 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі260.95 Kb.
түріДиплом


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Еуразия гуманитарлық институты
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы


5В030100 - «Юриспруденция» мамандығында оқитын студенттерге арналған дипломдық жұмыстарды рәсімдеу және қорғауға ұсыну бойынша

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Астана 2016


Мазмұны




Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері.......................................

4



Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту...............

5



Дипломдық жұмысқа ғылыми жетекшілік ету..............................

6



Дипломдық жұмыстың Мазмұнын (жоспарын) құрастыру тәртібі …............................................................................................

7




Ақпарат көздерін таңдау және оларды зерттеу …….....................

7



Дипломдық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар .................................................................................

8





6.1 Титульдік бет ……………………………..................................

8




6.2 Кіріспе ……………………………….........................................

8




6.3 Негізгі бөлім …………………………………………...............

8




6.4 Қорытынды …………………………………….........................

9




6.5 Пайдаланылған қайнар көздер тізімі ……………....................

10




6.6 Қосымшалар ……………………………….…..........................

11

7.

Дипломдық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері ......................

11




7.1 Жалпы талаптар ……………………..........................................

11




7.2 Мәтінді мазмұндау …………….................................................

12




7.3 Беттерді нөмірлеу ……………………….....…..........................

12




7.4 Тақырып атаулары ………………………………….................

12




7.5 Тарауларды, бөлімдерді және пункттерді нөмірлеу …...........

13




7.6 Иллюстрациялар ……………….................................................

13




7.7 Кестелер …………………………………..................................

14




7.8 Ескертулер …………………………………………..................

14




7.9 Сілтемелер …………………………………………..................

14




7.10 Қосымшалар …………………………………….....................

15

8.

Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу ........................

15




8.1 Жалпы ережелер ………………………….....…........................

15




8.2 Ғылыми жетекшінің пікірі ……………………....…................

15




8.3 Рецензиялау ……………………………....................................

16

9

Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі және оны бағалау...............

17

10.

Қосымшалар......................................................................................

20




1. Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекітуге өтініш жазу .......

20




2. Мазмұны ………………………………....……..........................

21




3. Титульдік бет …………………………........................................

22




4. Пайдаланылған қайнар көздер тізімі ……..................................

23




5. Тарауларды рәсімдеу ………………………...............................

24




6. Пікір …………………………………….......................................

25




7. Рецензия …………........................................................................

26

1. Дипломдық жұмыстың жалпы ережелері
Дипломдық жұмыс Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стан-дартымен қарастырылған жазбаша жұмыстардың қатарына кіреді.

Дипломық жұмысты орындау студенттердің жоғарғы оқу орнын тамамдаудың ең соңғы кезеңі болып табылады. Дипломдық жұмыс «Юриспруденция» мамандығы бойынша білікті маманды дайындау мақсатында оқу бағдарламасы шегінде орындалатын, студенттің теориялық білімі мен тәжірибесін жинақтайтын ғылыми-аналитикалық зерттеу нысаны болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаттары:

- студенттердің мамандық бойынша теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету, жүйелеу және бекіту;

- студенттердің мамандық бойынша өздік жұмыстарын жүргізу дағдысын дамыту;

- дипломдық жұмыс жазу кезінде зерттеу мәселесі бойынша қойылған міндеттерді орындау барысында зерттеу әдісі және мүмкіндігі бойынша эксперименттер жасауды меңгеру;

- таңдалған мамандық бойынша студенттердің тәжірибелік қызметке деген даярлығының көрінуі.

Дипломдық жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

- мамандық бойынша таңдалған тақырыптың көкейкестілігі;

- зерттеу мәселесін анықтау және белгілеу;

- қажетті нормативтік құқықтық актілердің, зерттеу мәселесінің арнайы әдебиеттерде талқылану дәрежесін және олардың тәжірибеде қолдану әдістерін шығармашылық деңгейде зерттеу негізінде жоғары теориялық деңгейде орындау;

- зерттеу мәселесі бойынша аяқталған жұмыс болуы тиіс;

- міндетті түрде зерттеу мәселесі бойынша студенттердің толық және терең теориялық білімін көрсететін теориялық бөлімі және мәселенің зерттелу аясындағы жағдайына анализ жасайтын тәжірибелік бөлімін қамту керек;

- таңдалған тақырып бойынша зерттеудің негізгі қорытындылары мен нәтижелері талдануы қажет;

- зерттелу мәселесінің мақсатына жету үшін мүмкіндіктерді бағалау және кеңестерді мәліметке алу;

- студенттің: біріншіден, тәжірибелік материалдарды, екіншіден, әртүрлі авторлардың басылымдарда жарияланған ұсыныстарын пайдаланудағы жауапкершілігін көрсету қажет, ол студенттердің дипломдық жұмыстарында авторлардың аты-жөндеріне, басылып шыққан еңбектері мен баспаның атауына, сонымен қатар еңбектердің басылып шыққан жылы мен орнына, нөмірі мен беттеріне сілтеме жасау арқылы көрінеді.



2. Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту
Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде студент дипломдық жұмысты жазу мен қорғаудың негізгі мақсаты – зерттелетін мәселелерді шешу бойынша теориялық білімнің, дағдылардың, шеберліктің тәжірибеде жүзеге асырылуын көрсету екендігін ұғынуы қажет.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдау өндірістік тәжірибенің мазмұны, іс жүзінде қолда бар материал, ғылыми жетекшінің кеңесі мен оқу тамамдаушы түлек – студенттің өзінің қалауы ескеріле отырып жүзеге асады.

Дипломдық жұмыс тақырыптары кафедрада бекітіліп жыл сайын жаңартылып отырады.

Дипломдық жұмыс тақырыптары кафедрада бекітілген тізіммен шектелмейді, студент өзінің жеке қызығушылығы бойынша қосымша зерттеу тақырыбын ұсынуы мүмкін, бірақ ұсынылған тақырыптың мамандандыру талаптарына сәйкес және тәжірибелік маңыздылығы болуы шарт. Сырттай бөлімде оқитын студенттерге дипломдық жұмыстың тқырыбын өз қызметінің өндірістік қажеттілігімен байланыстыруға рұқсат етіледі.

Бір академиялық топта немесе топтың бір бөлігінде оқитын екі немесе одан да көп студенттерге бірдей тақырыпта дипломдық жұмысты орындауға рұқсат етілмейді.

Дипломдық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент таңдалып алынған тақырыптың атауы мен ғылыми жетекшісін көрсетіп түлектерді шығаратын кафедраға өтініш жазады (Қосымша 1).

Студенттердің дипломдық жұмыс тақырыбын бекіту үшін жазған өтініштерін кафедра қарап бекітеді. Кафедраның шығарған шешімінің негізінде институт бойынша әрбір студенттің таңдаған тақырыбын бекіту және ғылыми жетекші мен рецензентті (сыртқы) тағайындау туралы ЕАГИ ректорының Бұйрығы немесе институт деканының өкімі шығады.

Бұйрықта: студенттің тегі мен аты-жөні; дипломдық жұмыстың нақты атауы; ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары және дипломдық жұмыстың рецензентін тағайындау туралы бұйрық, олардың ғылыми дәрежелері мен атақтары, лауазымы мен жұмыс орны көрсетілуі тиіс.



3. Дипломдық жұмысқа ғылыми жетекшілік ету
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының ұсынысы бойынша ЕАГИ ректорының бұйрығымен кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамынан дипломдық жұмыстарға ғылыми жетекшілер тағайындалады.

Қажетті жағдайларда ғылыми жетекшінің ұсынысы бойынша жекелеген мәселелер бойынша кеңес берушілер шақырылады. Кеңес берушілер ретінде институттың басқа кафедраларының немесе басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары және практик мамандар болуы мүмкін.

Студент дипломдық жұмысының тақырыбын бекіткеннен кейін ғылыми жетекші оған жалпы сипаттағы кеңестер береді, олар: нормативтік құқықтық актілермен, арнайы әдебиеттермен және бсқа да ақпарат көздерімен жұмыс жүргізу тәртібі, дипломдық жұмыс Мазмұнын, яғни Кіріспенің, оның жекелеген бөлімдерінің, Қорытындының жалпы мазмұнын құрастыру, жұмыстың мәтінін басу мен орналастыру тәртібі, пайдаланылған қайнар көздер тізімін рәсімдеу және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар береді.

Ғылыми жетекші жұмыс жоспары мен дипломдық жұмыстың бөлімдерін негіздеуге қатысудан басқа:

- дипломдық жұмысты дайындауға тікелей және жүйелі түрде жетекшілік етеді;

- дипломдық жұмыстың жекелеген тарауларын дайындығы шегінде оқып тексереді;

- студентке материалдың мазмұны, мазмұндау кезектілігі, жинау, жариялау, жүйелеу және нақты тәжірибелік материалдың әдістемелік құрылымы бойынша кеңестер береді;

- орын алған сұрақтарды студентпен бірге талқылайды, қосымша әдебиеттер мен жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілерді пайдалануға кеңес береді;

- жұмыстың орындалу сапасын қадағалайды, қажет болған жағдайда оны қайта қарап өңдеуге қайтарады;

- бекітілген мерзімге сәйкес аяқталған жұмысқа жазбаша пікір береді және дипломдық жұмысты қорғауға жібереді;

- дипломдық жұмысты кафедра отырысында алдын ала талқылауға және оны мемлекеттік аттестациялау комиссиясында (МАК) қорғау кезінде қатысады.


4. Дипломдық жұмыстың Мазмұнын (жоспарын)

құрастыру тәртібі
Дипломдық жұмыстың мазмұны (жоспары) белгілі бір тәртіпте құрастырылған құрама бөліктерінен (Кіріспе, тараулар, Қорытынды және т.б.) және жұмыста ашылуға тиіс негізгі мәселелерден (параграфтардан) тұрады.

Уақытында және дұрыс құрастырылған жоспар ғылыми жетекшінің алғашқы кеңесі сияқты ұйымдастырушы фактор болып табылады, бұл ақпарат көздерін, тәжірибе материалдарын дұрыс жинауға, дипломдық жұмыс материалдарын кезектілігі бойынша мазмұндауға мүмкіндік береді. Сондықтан да жоспарды құрастыруға студент көп көңіл бөлуі қажет.

Дипломдық жұмыстың жоспарын құрастырудан бұрын студент жұмыс мазмұнын анықтау мақсатында өзі таңдаған тақырыбы бойынша негізгі ақпарат көздерімен танысып алғаны жөн.

Жасалған Мазмұнның (жоспардың) жобасын студент ғылыми жетекшінің танысуына ұсынады, ғылыми жетекші қажет болған жағдайда жоспарға түзетулер енгізуі мүмкін. Жасалған жоспар дипломдық жұмысты дайындау процесінде ішінара өзгеруі мүмкін (Қосымша 2).



5. Ақпарат көздерін таңдау және оларды зерттеу
Дипломдық жұмыстың сәтті жазылуына зерттеу тақырыбына қатысты ақпарат көздерін шығармашылық деңгейде зерттеу әсер етеді.

Ақпарат көздерін зерттеуге студент дипломдық жұмыстың тақыры-бын таңдап бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Бұл жұмыс процесінде ол тиісті зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі жағдайын зерттеуге тиіс.

Зерттеуге кірісуден бұрын студент пән бойынша бағдарламаларда кеңес берілген негізгі және қосымша әдебиеттермен танысуға тиіс. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақ-стан халқына Жолдауының материалдары, Қазақстан Республикасы-ның нормативтік актілері пайдаланылуы тиіс. Сұрақтарды тереңірек зерттеу үшін қосымша отандық және шетел қайнар көздеріне де сүйену қажет. Сонымен қатар қойылған нақты сұрақтар бойынша мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалармен де танысу қажет.

Қайнар көздерге сілтеме жасауға объективті түрде жауапкершілік-пен қарау керек, оларды зерттеп, нормативтік құжаттардың жекелеген ережелері мен авторлардың пікіріне келісу немесе келіспеуін талдап анализ жасауы қажет.



6. Дипломдық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне

қойылатын негізгі талаптар
Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері болып:

- Мұқаба және Титульдік бет (Қосымша 3);

- Мазмұны (Қосымша 2);

- Кіріспе;

- Негізгі бөлім;

- Қорытынды;

- Пайдаланылған қайнар көздер тізімі (Қосымша 4);

- Қосымшалар табылады.



6.1 Мұқаба және Титульдік бет

Мұқабада келесі мәліметтер беріледі:



  • дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйымның атауы;

  • студенттің тегі және инициалдары;

  • дипломдық жұмыстың (жоба) атауы;

  • жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);

  • мамандықтың атауы және шифрі;

  • жұмыс орындалған қала және орындалу мерзімі (жылы).

Титульдік бет жұмыстың бірініші беті және құжатты іздеуге қажетті ақпарат көзі болып табылады (Қосымша 3).

Титульдік бетте келесі мәліметтер болуы қажет:

- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған ұйымның атауы;

- дипломдық жұмыс (жоба) орындалған кафедраның атауы;

- шектеу грифі (қажет болған жағдайда);

- кафедра меңгерушісінің бекітетін қолы;

- жұмыс түрі – дипломдық жұмыс (жоба);

- дипломдық жұмыстың (жоба) атауы «тақырыбы:» деп көрсетіле отыра;

- мамандықтың атауы және шифрі;

- сол жағында - орындаған сөзі, оң жағында қарсы студенттің тегі, инициалдары көрсетіледі;

- бір жол астында «ғылыми жетекші» деп жазылып, ғылыми жетекшінің тегі мен инициалдары, ғылыми дәрежесі, лауазымы және т.б. мәліметтер көрсетіледі;

- жұмыс орындалған қала және орындалу мерзімі (жылы).

Титульдік бет дипломдық жұмыс беттерімен бірге жалпы нөмірлеу құрамына енеді. Беттің нөмірі титульдік бетте қойылмады.

Титульдік бетте дипломант-студенттің, кафедра меңгерушісінің және ғылыми жетекшінің көк сиямен қойылған қолы болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде студент оның әрбір бөлімдерін келесі үлгіге сәйкес жасауы қажет.


    1. Кіріспе

Кіріспеде зерттелетін мәселенің қазіргі кездегі жағдайына қысқаша сипаттама беріледі және дипломдық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі талданады, жұмыстың мақсаты көрсетіледі, дипломдық жұмыс тақырыбын ашу мақсатында негізгі міндеттер қойылады. Сонымен қатар, зерттеудің пәні мен объектісі, студенттің тақырыпты таңдау себебі, тақырыпты ашу мақсатында қойылған негізгі міндеттер, жұмыстың мақсаты көрсетіліп, жұмыстың зерттелу деңгейі анықта-лады. «Кіріспе» тақырыбы нөмірленбейді.

Кіріспе мәтіні 2-3 бетте мазмұндалады.



    1. Негізгі бөлім

Дипломдық жұмыстың бұл құрылымдық элементін тарауларға, бөлімдергеге және пункттерге бөлу қажет болып табылады. Бір тараудан екіншісіне көшу дипломдық жұмыстың мазмұнымен анықталады. Алайда барлық тараулар бір-бірімен тығыз байланысты және қисынды кезектілікпен берілуі қажет.

Бірінші тарау. Бұл тарау дипломдық жұмыстың теориялық негізі болып табылады және зерттелетін мәселенің әдістемелік аспектілерін ашатын, нақты жағдайға шолу жасайтын, теория мен тәжірибеде мәселенің зерттелу деңгейін, біздің еліміз бен шетелде осыған ұқсас мәселелердің шешілуіне анализ жасайтын бөлімдерден (тармақтардан) тұрады.

Студент дипломдық жұмыстағы анализ жасалатын мәселелер шешілу үшін қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында бұл саладағы өзінің білімін, теориялық білімі мен жинақтаған тәжірибесін қолдана білу шеберлігін көрсетуі қажет. Сонымен қатар, зерттелетін мәселелерді шешуге қажетті нормативтік құқықтық актілерге сын көзімен шолу жасап, оның қазіргі кездегі талаптарға сәйкестігіне сипаттама беруі қажет.



Екінші тарау. Екінші таруда зерттелетін сұрақтар жалпы теориялық ережелер мен тәжірибелік материалдар тұрғысынан мазмұндалады. Яғни тарау тәжірибелік материалдар, нақты мәліметтер, есептеу-статистикалық ақпараттар, нормативтік құқықтық құжаттармен байланысты жұмыстың негізгі идеясын қамту керек. Студент жаңа идеяларын, алдыңғы қатарлы отандық және шетел тәжірибелерін талдау қабілетін, жағдайды кешенді анализдеуден туындайтын бағалау мен қорытындылар жасай білуін көрсетуі қажет.

Үшінші тарау. Бұл тарау дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты әртүрлі мазмұнда болуы мүмкін, яғни, екінші тарауда қарастырылмаған теория мен тәжірибе тұрғысынан басқа да сұрақтар зерттелуі мүмкін. Тәжірибелік материалдарды теориямен тығыз байланыстыра отырып жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде зерттеу мәселесін жетілдіруге бағытталған студенттің өзінің ұсыныстары мен басқа авторлардың (бұл авторлар мен ақпарат көздеріне сілтеме жасай отыра) ұсыныстары беріледі.

    1. Қорытынды

Қорытындыда зерттеу нәтижесінде жасалған теориялық және тәжірибелік түйіндер мен ұсыныстар беріледі. Олар дипломдық жұмыстың мазмұнын, маңыздылығын және жұмыстың тиімділігін толық сипаттайтын қысқа әрі нақты болуы керек. Қорытындыда жұмыстың мазмұнында бірде-бір рет айтылмаған жаңа ақпараттар болмауы керек. Қорытынды мәтіні 2-3 бетте (4 бет те болуы мүмкін) мазмұндалады.

Түйіндер мен ұсыныстарды мазмұндау кезінде олардың жұмыстың жекелеген бөлімдерінде қарастырылғанына немесе қарастырылмаға-нына байланысты екі нұсқаның бірінде беруге кеңес беріледі.

Егер түйіндер мен ұсыныстар дипломдық жұмыстың жекелеген бөлімдерінде жасалса, онда «Қорытынды» бөлімінде олар тізбе ретінде дәлелдеусіз беріліп, нақты талдау жасай отыра дипломдық жұмыстың белгілі бір беттеріне сілтеме жасалады.

Егер түйіндер мен ұсыныстар тек «Қорытынды» бөлімінде жасалса, онда олардың тізбегімен қатар, осы ұсыныстардың әрбіреуінің тәжірибеде қолданылу тиімділігіне талдау жасалады.

Дипломдық жұмыстың авторының зерттеу мәселесін жетілдіру мақсатында енгізген ұсыныстары ерекше қолдауға ие болады.

Осылайша, түйіндер мен ұсыныстар тезистер түрінде жоғарыда көрсетілгендей кезектілікпен (егер олар дипломдық жұмыстың бөлімдерінде жасалса) рәсімделеді немесе қажетті мөлшерде талдау жасалына отыра қысқаша мазмұндалады.



    1. Пайдаланылған қайнар көздер тізімі.

Бұл тізім дипломдық жұмыстың «Қорытынды» бөлімінен кейін беріледі (Қосымша 4). Бұл тізімге студент шын мәнінде зерттеген және дипломдық жұмысты жазуда пайдаланған қайнар көздер енуі тиіс.

Қайнар көздер туралы мәліметтерді дипломдық жұмыстың (жобаның) мәтінінде кездескен реті бойынша орналастырып, араб цифрларымен нүкте қоймай азат жол бастап басу керек. Әрбір қайнар көз бойынша автордың тегі мен инициалдары, басылымның және баспаның атауы, басылып шығарылу орны мен жылы, нөмірі мен беттерінің нөмірлері көрсетіледі.



6.6 Қосымшалар дипломдық жұмыстың жалғасы болып табылады. Қосымшалар дипломдық жұмыстың негізгі мазмұнына көмекші материал ретінде дипломдық жұмыстың кейінгі беттерінде беріледі. Бұл көмекші материалдар жекелеген сұрақтарды мазмұндайтын және түйіндер мен ұсыныстарды нақтыландыратын көрнекіліктер болып табылады. Қосымшалар көбінесе кестелік материалдар, құқықтық құжаттардың үлгілері, таңбалар, сызбанұсқалар, фотографиялар және т.б. түрінде берілуі мүмкін.

7. Дипломдық жұмыс мәтінін рәсімдеу ережелері
7.1 Жалпы талаптар

Дипломдық жұмыстың мәтіндік және таңбалық бөлімінің беттері А4 210 х 297 мм форматына сәйкес болуы қажет.

Дипломдық жұмыс компьютер мен принтерді қолдану арқылы баспа әдісімен А4 форматындағы ақ қағаз бетінің бір жағында шегі (рамка) салынбай орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі кегль 14, Times New Roman, Times New Roman KZ түрінде болуы қажет. Дипломдық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді ескере отыра басу керек: сол жағы 30 мм кем емес, оң жағы – 10 мм кем емес, үстіңгі жағы – 20 мм кем емес, астыңғы жағы - 25 мм кем емес.

Дипломдық жұмыстың көлемі иллюстрацияларымен бірге, қосымшаларды есептемегенде, қалыпты қағаз парағындағы 60-90 бетті құрауы тиіс.

Дипломдық жұмыс мәтінінде азат жолдар нақты көрсетілуі керек. Азат жолындағы қызыл жолдың көлемі 1,27 см құрауы тиіс. Жолдардың арасы бір интервалды құрап, бір беттегі жолдар саны 28-30 болуы қажет.

Автоматты түрде сөздерді көшіру бекітілуі қажет.

Әрбір тарау жаңа беттен басталуы керек. Бөлімдердің (тармақтардың) мәтінін аяқталмаған бетте орын қалатын болса, сол беттің бос бөлігіне басуға болады.

Тараулардың атауларының, бөлімдер мен тармақтардың арасы бір интервалды; бөлім (тармақ) мен мәтіннің арасы бір интервалды құрауы тиіс; мәтіннің соңы мен келесі бөлімнің (тармақтың) арасы екі интервалды құрауы тиіс (Қосымша 5).


7.2 Мәтінді мазмұндау

Дипломдық жұмыстың мәтіні әртүрлі талқылауға жол берілмейтін нақты, қысқа әрі айқын болуы тиіс.

Дипломдық жұмысты басу кезінде мәтіннің бүкіл көлемінде бейненің біркелкі тығыздығын, нақтылығын және айқындылығын сақтау қажет. Барлық әріптер, сандар, сызықтар және белгілер біркелкі қара түсте болуы керек. Басылған мәтінге жекелеген сөздер мен белгілерді жазу тек қара сиямен немесе тушьпен, мәтін көрінісінің негізгі тығыздығын сақтай отыра рұқсат етіледі. Қателерді түзету тек ақ бояумен қатені өшіру және сол орынды қара сиямен немесе тушьпен түзету арқылы жол беріледі.

Мәтіннің мазмұнында:

- қарым-қатыныас тілі, техницизм, кәсіпқойлық айналымдарын қолдануға;

- бір ұғымға әртүрлі терминдерді қолдануға;

- жалпыға бірдей бекітілген орфография ережелерінен басқа (мысалы, Халықаралық сауда палатасының сауда терминдерін Халықаралық талдау ережелері - ИНКОТЕРМС-2000 (ICC 560) қабылданған аббревиатурасы) қысқартылған сөздерді қолдануға;

- минус (-) және плюс (+) математикалық белгілерін қолдануға, олардың орнына «минус» және «плюс» сөздерін қолдану;

- цифрлік мәліметтер, статистикалық материалдар мен басқа да сандық мәліметтерді олардың қайнар көздеріне сілтеме жасамай қолдануға рұқсат етілмейді.

Жұмысты орындау кезінде студенттің тиянақтылығы, жауапкер-шілігі және дипломдық жұмысты рәсімдеу ережесін сақтауы бағаланады.



7.3 Беттерді нөмірлеу.

Дипломдық жұмыстың беттері араб цифрларымен алмаспайтын нөмірлеу жүйесін ескере отыра дипломдық жұмыстың барлық мәтіні бойында белгіленеді. Бет нөмірі төменгі жақтың ортасына қойылады. Бет нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.

Титульдік бет пен Мазмұны бет нөмірлерінің жалпы санына кіреді. Титульдік бетте нөмір қойылмайды. Нөмірлеу дипломдық жұмыстың екінші бетінен басталады.

Иллюстрациялар (мәтіннің мазмұнын суретпен сипаттау) мен кестелер жеке парақтарда орналасып, дипломдық жұмысты жалпы нөмірлеу құрамына кіреді (немесе Қосымшалар қатарына енеді).



7.4 Тақырып атаулары (заголовки)

«Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған қайнар көздер тізімі» дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы болып табылады. Олар тарау болып нөмірленбейді. Оларды бас әріптермен азат жолдан бастап жазу керек, соңына нүкте қойылмайды.

«Негізгі бөлім» құрылымдық элементі жазылмайды, оның орнына негізгі бөлімге енетін тараулардың атауы орналасады. Тақырып атаулары негізгі бөлім тарауларының, бөлімдерінің және пункттердің мазмұнын қысқа әрі нақты көрсетуі және бекітілген тақырыптың шегінен шықпауы тиіс. Сонымен қатар бөлімнің атауы тарау атауын қайталамауы тиіс.

Тақырып атауларында сөздерді қысқартуға, рим цифрлары, математикалық белгілер, грек әріптерін қолдануға рұқсат берілмейді. Егер тақырып атаулары бірнеше сөйлемнен тұратын болса олар нүктемен ажыратылады. Сөздерді көшіруге және олардың астын сызуға болмайды.

Тараулар, бөлімдердің және тармақтардың тақырып атауларын да азат жолдан бастап бас әріптермен соңында нүкте қоймай жазу керек.

7.5 Тарауларды, бөлімдерді және тармақтарды нөмірлеу

Дипломдық жұмыстың тараулары барлық жұмыс көлемінде араб цифрларымен белгіленген реттік нөмірлермен нөмірленіп азат жолдан бастап жазылуға тиіс.

Бөлімдер әр тарау шегінде реттік нөмірмен нөмірленуге тиіс. Бөлімнің нөміріне нүктемен ажыратылған тараудың нөмірі және бөлімнің реттік нөмірі кіреді. Бөлім нөмірінің соңына нүкте қойылмайды (мысалы – 1.1,1.2). Тараулар мен бөлімдер бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін. Тармақтар әр бөлім шегінде реттік нөмірмен нөмірленуге тиіс. Тармақ нөміріне нүктемен ажыратылған тараудың нөмірі, бөлімнің реттік нөмірі және тармақтың реттік нөмірі кіреді (мысалы, 1.1.1, 1.1.2).

7.6 Иллюстрациялар (мәтіннің мазмұнын суретпен сипаттау)

Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, таңбалар, сызбанұсқалар, диаграммалар) дипломдық жұмыстың олар туралы айтылған тиісті мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру қажет. Иллюстрация-лар компьютермен орындалған, түрлі-түсті де болуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға жұмыста сілтемелер жасалуы тиіс. Иллюстрация-ларды араб цифрларымен нөмірлейді.

Егер бір сурет болса ол «Сурет 1» деп белгіленеді. «Сурет» сөзі және оның атауы жолдың ортасына орналасады. Иллюстрациялардың қажетінше атауы және түсіндірме мәліметтері (сурет астындағы мәтін) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі және оның атауы түсіндірме мәлімет-тердің соңына жазылады. Әр қосымшаның иллюстрацияларын латын алфавитінің жекелеген әріптерімен нөмірлейді. Иллюстрацияларға сілтеме былай жасалу керек «... 2-ші суретке сәйкес...».

Сурет пен мәтіннің арасы 2 интервалды құрайды («бос жол»).



7.7 Кестелер

Кестелер көрсеткіштерді салыстыруда ең тиімді көрнекілік ретінде қолданылады. Кестенің атауы оның мазмұнын қамтып, нақты және айқын болуы тиіс. Кестенің атауын кестенің сол жақ астына азат жолсыз оның нөмірімен сызықша арқылы бір жолға орналастыру қажет (Қосымша 6).

Кестені дипломдық жұмыста ол туралы айтылған мәтіннің астына немесе келесі бетіне орналастыру қажет.

Кестелерді араб цифрларымен нөмірлеу жүйесі бойынша дипломдық жұмыстың немесе тараудың бүкіл көлемінде нөмірлейды. Нөмірді сол жақ жоғарғы бұрышта кестенің атауының үстінде «Кесте» сөзінен кейін орналастыру қажет. Кестенің бір бөлігін басқа бетке көшірген кезде астыңғы горизонтальдық сызық көшірілмейді, келесі бетте кестенің үстінде – Кесте жалғасады – деп жазылады (кестенің нөмірі көрсетіледі).

Жұмыста барлық кестелерге сілтеме жасалу қажет. Сілтеме жасау кезінде «Кесте» сөзі және оның нөмірі жазылу керек. Егер кестенің кез келген торында сандық немесе өзге де мәліметтер келтірілмесе, оған сызықша қойылады. Кестелерді толтыру шрифті – кегль 10-12 болуы тиіс.

7.8 Ескертулер

Егер жұмысты жазу барысында мәтіннің, кестенің немесе таңбалық материалдың мазмұнына түсіндірме немесе анықтамалық мәліметтер қажет болған жағдайларда ескертулер пайдаланылады. «Ескерту» сөзі азат жолдың басына жазылады, бірақ асты сызылмау керек.

Ескертулерді мәтіндік, таңбалық материалдың немесе ескерту тиісті кестенің астына орналастыру қажет. Егер ескерту біреу болса «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту мәтіні жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер араб цифрларымен нүкте қойылмай нөмірленеді. Кестеге арналған ескерту кестенің аяқталуын білдіретін сызықтың астына орналасады.

7.9 Сілтемелер

Дипломдық жұмыстың мәтінінде барлық қолданылған қайнар көздерге сілтеме жасалу қажет.

Пайдаланылған қайнар көздерге сілтемелер шаршы жақшаларда беріледі. Мысалы, [2, 17 б.]

7.10 Қосымшалар

Әр қосымша жаңа беттен басталады және әр беттің реттік нөмірі болады.

Жұмыс мәтінінде әр қосымшаға сілтеме жасалуы тиіс. Қосымшалар дипломдық жұмыстың мәтінінде жасалған сілтемелердің ретімен орналасады.

Әр қосымшаны жаңа беттен, беттің оң жақ шетінде «Қосымша» сөзін көрсете отыра бастау керек (мысалы, Қосымша 1). Қосымшаның атауы болу керек.




8. Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын рәсімдеу
8.1 Жалпы ережелер

Дипломдық жұмыстың мұқабасы мен титульдік бетін студент ұсынылған үлгі бойынша рәсімдейді (Қосымша 3). Дипломдық жұмыстың соңында пайдаланылған қайнар көздер тізімінен кейін дипломант-студенттің қолы, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетіледі (күні, айы және жылы).

Дипломдық жұмыстың типографиялық әдіспен нықтап түптелген және студенттің қолы қойылған соңғы нұсқасы Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жұмысының басталуына 15 күн қалғанға дейін оның рәсімделуінің дұрыстығын тексеруге және шешуші бақылау жүргізуге ғылыми жетекшіге тапсырылады.

8.2 Ғылыми жетекшінің пікірі

Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын қарап мақұлдағаннан кейін ғылыми жетекші 1-1,5 беттерде жұмысқа пікір жазады (Қосымша 6). Пікірде «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытынды жасалады, нақтырақ айтсақ:

- зерттеу тақырыбының көкейкестілігін дәлелдейді;

- жұмыста жасалған түйіндер мен ұсыныстардың теориялық және тәжірибелік маңыздылығына сипаттама береді;

- студенттің зерттеу әдістерін меңгеру деңгейін, оның ішінде, теориялық сипаттағы ақпарат көздері, тәжірибелік материалдармен жұмыс істей білу шеберлігін, зерттеу жүргізу мен анализ жасау қабілетінің дәрежесін мәлімдейді;

- алынған нәтижелер мен тәжірибелік қызметті байланыстыра білу шеберлігін атап өтеді;

- жұмысты орындау кезіндегі студенттің ынтасы мен өз бетімен жұмыс істей білу қабілетінің деңгейін көрсетеді;

- студенттің еңбекқорлығымен, тиянақтылығымен, шығармашылық даралығымен ерекшеленуін атап өтеді;

- дипломдық жұмыс қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін және қорғауға жіберілетіндігі туралы қорытынды береді.

Студенттің орындаған дипломдық жұмысына баға қойылмайды.

Пікірге ғылыми жетекшінің қолы қойылып, оның дайын болу күні көрсетіледі. Ғылыми жетекшінің қолы институттың кадрлар қызметі-нің бастығының қолымен және мөрімен куландырылуы тиіс.

Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің пікірімен рецензиялауға ұсынылады.



8.3 Рецензия

Дипломдық жұмысты рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс-тың профиліне сәйкес келетін сыртқы ұйымдардың мамандарымен жүзеге асады.

Рецензияда 1-1,5 беттерде жұмыстың келесі жақтары аталып өтуі тиіс (Қосымша 7):

- зерттеу тақырыбының көкейкестілігі;

- оның негізінде зерттеу жүргізілген материалдардың көлемі мен сапасы;

- жұмыстың мазмұнының таңдалған тақырыптың атауына және жұмыстың жоспарына сәйкес келуі;

- тараулар бойынша жұмыстың мазмұнына қысқаша сипаттама беру;

- жұмыста материалдарды мазмұндаудың стилі және заң тұрғысы-нан шеберлігі;

- түйіндер мен ұсыныстардың талдануы, олардың ғылыми-теориялық және тәжірибелік бағалылығы;

- дипломдық жұмысты рецензиялау кезіндегі көрінген жетіспеуші-ліктер;

- жұмыстың жалпы сипаты және оны бағалау (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз);

- кеңестер.

Рецензияға рецензент қол қойып, оның дайын болу күні көрсеті-леді. Рецензенттің қолы ұйымның (рецензент жұмыс істейтін) кадрлар қызметінің бастығының қолымен және мөрімен куаландыры-луы тиіс.

Ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің рецензиясы берілген дипломдық жұмыс жұмысты қорғаудың бекітілген мерзімінен 10 күн бұрын мерзімде тиісті кафедраның меңгерушісіне тапсырылады.

Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмыспен, ғылыми жетекшінің пікірі және рецензенттің рецензиясымен танысып, олардың негізінде титульдік бетте өзінің қолымен дипломдық жұмыстың қорғауға жіберілгендігін немесе жіберілмегендігін бекітеді.

Студент ғылыми жетекшінің пікірінің және рецензияның мазмұны-мен Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысына дейін таныс болуы керек.



9. Дипломдық жұмысты қорғау тәртібі және оны бағалау
Дипломдық жұмысты қорғау институтта бекітілген мерзімде Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының (МАК) ашық отырысында жүргізіледі.

Дипломдық жұмысты қорғауға студент мұқият дайын болуы керек: ол баяндама тезисін құрастырады, қажетінше иллюстрациялық материалдарды (кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) дайындайды; жеке қағаз бетінде дипломдық жұмыста мазмұндалған, теориялық және тәжірибелік маңызы бар жұмыстың ерекше мәнді ережелерін мазмұндайды. Дипломдық жұмысты қорғау кезінде жасалатын баяндаманың мазмұны ғылыми жетекшімен мақұлданады.

Дипломант-студенттің сызбанұсқалар, кестелер, таңбалар, диаграм-малар, қысқа тізбедегі түйіндер мен ұсыныстар түріндегі үлестірме материалдарды Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне таратып беруі ерекше қолдау табады.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының алдында дипломдық жұмысты қорғау кезінде студент дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қысқаша, айқын әрі нақты сипаттайды, оның маңызды ережелерін мазмұндайды, өзінің жасаған түйіндері мен ұсыныстарын талдайды, яғни дәлелдейді. Басқаша айтқанда, баяндама жасаудың негізі болып кіріспе мен қорытынды табылады, тараулар мазмұндал-майды.

Баяндама жасауға студентке 5-7 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Дипломантқа Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының төрағасы мен мүшелері және қорғауға қатысушы кез келген адам сұрақтар қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ дәл жауап беруі керек. Қорғауға қатысушылардың жұмыстың нәтижесін талқылауға қатысуға құқықтары бар.

Талқылау аяқталғаннан кейін Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшелерінің бірі ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензияны оқиды. Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысында қорғауға қатысып отырған ғылыми жетекшінің өтініші бойынша оған дипломдық жұмысқа және дипломшы-студентке мінездеме беруі үшін сөз берілуі мүмкін. Дипломантқа ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензияда көрсетілген және/немесе баяндамаға жасалған ескертулер бойынша жауап беруге мүмкіндік беріледі.

Дипломдық жұмысты қорғаудың нәтижелері бойынша Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының жабық отырысында «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» бағалары қойы-лады. Мұнда студенттің теориялық, ғылыми және тәжірибелік даярлығының деңгейі және ғылыми жетекші мен рецензенттердің пікірі назарға алынады.

Дипломдық жұмысты қорғаудың нәтижелері сол күні Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы отырысының хаттамаларын рәсімдегеннен кейін жарияланады.

Бағаны көтеру мақсатында дипломдық жұмысты қайта қорғауға рұқсат етілмейді.

«Қанағаттанарлықсыз» бағасын алған тұлғаларға дипломдық жұмысты сол кезеңде қайта қорғауға қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың шешімі бойынша рұқсат етілмейді.

Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы студентке сол жұмысын комиссия анықтаған кемшіліктерін толықтыру арқылы немесе кафедра бекіткен тақырыптардан жаңа тақырып таңдау арқылы қайта қорғауға ұсынуды бекітеді.

Оқушыны қайтадан қорытынды мемлекеттік аттестациялау тек қанағаттанарлықсыз баға алынған алдыңғы қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың нысандары бойынша қорытынды мемлекеттік аттестациялаудың келесі кезеңінде өткізіледі.

Қорытынды мемлекеттік аттестациялауда қанағаттанарлықсыз баға алған студент жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітілген үлгідегі академиялық анықтама қағазын беру арқылы оқу орнынан шығарылады.

Дипломдық жұмыс және оны Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының алдында қорғаудың нәтижелері студентке тиісті мамандық бойынша мемлекеттік үлгідегі дипломды қосымшасымен бірге беру арқылы (бакалавр) біліктілігі мен академиялық дәрежесін тағайындаудың міндетті шарттары болып табылады.

Қосымша 2


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ........................................................................................................3


1 ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.1 Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және белгілірі...........................6

1.2. Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттудің ерекшеліктері........16

1.3 Тауар жеткізілімі шартының талаптар...............................................24


2 ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

2.1 Тауар жеткізілімі шартының тараптары............................................32

2.2 Тауар жеткізілімі шартының пәні.......................................................33

2.3 Тауар жеткізілімі шартының мазмұны...............................................35

2.3.1 Тауар жеткізушінің құқықтары мен міндеттері.....................35

2.3.2 Сатып алушының құқықтары мен міндеттері........................42


3 ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫН ЖАСАУ,ОРЫНДАУ ЖӘНЕ БҰЗУ

3.1 Тауар жеткізілімі шартын жасау нысаны және тәртібі....................47

3.2 Тауар жеткізілімі шартының орындалуы...........................................53

3.3 Тауар жеткізілімі шартын өзгерту және бұзудың тәртібі.................57


ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ...................................65
ҚОСЫМШАЛАР........................................................................................68

Қосымша 4


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ


  1. Тауарларды халықаралық сатып алу-сату туралы 1980 жылғы 11сәуірдегі БҰҰ Вена конвенциясы.

  2. ИНКОТЕРМС-2000 (ICC 560) (Халықаралық сауда палатасының сауда терминдерін талқылаудың халықаралық ережелері)

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995ж 30-тамыз. (02.02.11ж енгізілген өзгертулер және толықтырулармен).

  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім) 1994ж. 27-желтоқсан (19.02.2016ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен)

  5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 1999ж. 1-шілде (02.03.2016ж. енгізілген өзгертулер және толықтырулармен)

  6. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Общие положения. – М., 2007.

  7. Витрянский В.В. Договор купли-продажи и его отдельные виды. – М.: Статут, 1999.

  8. Витрянский В.В., Суханов Е.А. Договора: порядок заключения, изменения, расторжения - новые типы. - М., 1997 г.

  9. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть). Комментарий. Отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы: Жеті жарғы, 2016.

  10. Гражданское право Республики Казахстан. Часть Особенная. Том 1./ Отв. Ред. Г.А. Жайлин. – Алматы: Данекер, 2011.

  11. Гражданское право. Том 1-2. Учебник. / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. – М.: ПРОСПЕКТ, 2006.

  12. Мейер Д.И. Русское гражданское право: В 2 ч. - М.: Статут, 1997.

  13. Сафонов М.Н. Договор поставки. – М.: ИНФРА-М, 2014.

  14. Серветник А. Общие положения о купли-продажи / Законность, 2004, №11, с.54.

  15. Щемелева И.Н. Договор поставки. - М., 2006г.

Қосымша 5

1 ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


    1. Тауар жеткізілімі шартының ұғымы және белгілері

Тауарлардың жалпы айналымы, кәсіпқой сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынастар тауар жеткізілімі ретінде қарастырылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар айналысатынкәсіпкерлік қызметтің таза кіріс табу түріндегі басты мақсатқа жету тауарларға сұранымды қанағаттандыру жолымен жүзеге асады. Рынокта тұтынушыға қажет өніммен жабдықтау оны жасап шығарудан сатып алушыға жеткізуге дейін бірнеше сатыдан өтеді.





    1. Тауар жеткізілімі шартын құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Тауар жеткізілімімен байланысты қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып ҚРАК, оның ішінде 25-тараудың §3 (458-477-бб). ҚРАК нормалары тауар жеткізілімі бойынша барлық қатынастарға қолданылады. ҚРАК дәстүрлі анықтамасы беріледі: кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде беруге міндеттенеді.







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет