Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындарына жер сілкінісі туралы SMS неліктен келмегенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik

Атығаевтың айтуынша, тәжірибеде көргеніміздей SMS-хабарламаларды жедел жібергенде деректер қала тұрғындарына кеш жетеді. Бұл халықтың тығыздығына байланысты.

"SMS-хабарламаларды жедел жібергенде олар кеш баратынын тәжірибе көрсетті. Халықтың тығыздығы жоғары, ұялы байланыс операторлары ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше, ол тиімділікті жоғалтады. Бұл жағдайда біз бұл тәжірибеден алшақтап кеттік", – деді Нұрлан Атығаев.

Сондай-ақ мамандар алматылықтардың дабыл сигналын неліктен естімегенін түсіндірді. Қалада 843 электр сиреналары орнатылған, бірақ олар діріл сезгіштігі 5,5 баллдан асқан жағдайда ғана іске қосылады.

"Бізде 4-тен 5 балға дейін тіркелді. Сиренаны қосудың қажеті жоқ еді. Олар бұдан да үлкен дүрбелең тудырар еді", — деді Нұрлан Атығаев.

Еске сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:09-да Алматыда қуатты жер сілкінісі сезілді. Ресми ақпарат бойынша жер сілкінісің магнитудасы 6,7 балл.

Эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық қуаты 15,1 балл, магнитудасы 6,7 балл. Алматыда жерасты дүмпуі 4 балл болып сезілген.

Сондай-ақ 03:00-де 8 адам жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3-қабатынан секірген. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.