Қостанайдың полиция департаменті әлеуметтік желілерде көрінеу жалған хабарлама тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Telegram-арнасы арқылы тараған хабарламада белгісіз біреу №3 гимназия бірінші болып "күнәлары үшін жауап береді", 15 ақпанда балалар мектепте оққа ұшады деп жазған. Одан кейін басқа мектептерде де атыс болып, "Қостанайдың тозақта жанатыны" айтылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: sdelanounas.ru
Полиция департаменті жалған хабарлама авторын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізіп, терактіге қатысты жазба авторын анықтады. Хабарламаны таратқан он жастағы оқушы екені белгілі болды.
"Жасөспірім әлеуметтік желіде терроризм тақырыбына арналған жазбаны көріп, мәтінді көшіріп, суретін өңдеп, оны мессенджер арқылы сыныптастарына жіберген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жас құқық бұзушының ата-анасы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", — делінген хабарламада.
- Ақтөбедегі мектептерде жаппай атыс болатыны хабарланған соң ата-аналар балаларын алып кетті
- Павлодарда белгісіз біреулер теракт болатыны туралы хабар таратқан: Полиция халыққа ескерту жасады
Полиция терроризм туралы көрінеу жалған хабарламалар мен жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Айта кетейік, бұған дейін Белгісіз біреулер қарағандылық оқушыларды атып өлтіретінін хабарлағаны туралы жазған едік.
Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.