Он бесінші наурыз – игі істер мен мейірімге, өзара көмек пен табысқа арналған Қайырымдылық күні. Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарында қайырымдылық шаралары, әлеуметтік акциялар мен марафондар өтуде.

Алтай өңірінде игі істер марафоны басталды. Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының атынан жазғы демалыс сертификаттарын алды. "Жаздық жолдама" жобасының аясында 45 бала жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізеді.

Қайырымдылық жоба оқу озаты, пәндік олимпиадаларға және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын мектеп оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

Зайсан ауданының тұрғындарында қос мереке. Қаратал ауылынан алты көп балалы отбасы, Қарабұлақ ауылынан жеті отбасы жаңа үйдің кілтін алып, Наурыз мейрамында қоныс тойын тойлайды. Жалпы ауданы 91 шаршы метр болатын төрт бөлмелі үйлерді "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы бойынша жергілікті мердігер компаниялар салған.

“Үйіміз газбен де, жарықпен де жылытылады. Су және кәріз жүйесі жүргізілген. Маған үйлердің бір-бірінен бөлек екені, көршілерді алаңдатпай балалар ойнайтын кең орын бар екені қатты ұнады. Бұл мүмкіндік үшін алғысымыз шексіз, баршаңызды көктемнің басты мерекесімен құттықтаймыз!", – дейді тұрғын Аида Жылбаева.

"Жарқын мереке Наурыз – дәстүр сағаты" – осындай ұранмен Глубокое және Белоусовка ауылдарында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған шара өтті. Глубоковский атындағы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінен қызмет алатын балалар кітапханада болып, мерекелік қойылым мен көңілді сайыстарға қатысты. Кітапхана қызметкерлері оларды “шашу” ырымымен таныстырып, ұлттық тағамдардың біраз қыр-сырын ашты.

Шемонаиха аудандық білім бөлімінің мамандары ауданның жалғызбасты қарттарына барды. Зейнеткерлерге аудан басшылығы атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Тәртіп сақшылары да шетте қалған жоқ. Шығыс Қазақстанда "Наурыз Қоржын" қайырымдылық акциясы мерекелік онкүндік бойы жалғасады. Барлық қалалар мен аудандарда халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше көңіл бөлінетін болады. Мәселен, бүгін Өскеменде еріктілер 37 отбасына барып, ішінде көкөністер, макарон өнімдері, сүт өнімдері, күнбағыс майы, балаларға арналған кәмпиттер және т.б өнімдері бар азық-түлік пакеттерін ұсынды. Қайырымдылық шарасына қатысушылар жерлестерін марафонға қатысып, жыл бойы игі істер жасауға шақырады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.