Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану



жүктеу 89.53 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі89.53 Kb.
түріОқулық

Заманауи мектептегі технология сабағындағы электронды оқулықтарды қолдану
Саты жалпы орта білім беретін мектептің бейнелеу, сызу және технология пәндерінің мұғалімі Сыздықов Алтынсары Шакенович

Қазақстандағы қоғам дамуының қажеттілігі, әлеуметтік-экономикалық және саясы өзгерістер отандық білім беру жүйесінің, оқу орындарындағы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру әдіснамасы мен технологиясының түбегейлі қайта құрылуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында «.ғаламдану жағдайында қазақстандықтардың интеллектуалдық қабілеттері біздің жоспарларымыздың негізгі факторлары болып табылады», ал кез келген «ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен анықталады» деп атап көрсетеді.

Бұл стратегиялық міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы отандық білім беру жүйесінің жетілдіруін талап етеді, өйткені мемлекетіміздің кемелденуі жас ұрпақтың алатын білімінің деңгейіне тікелей байланысты. Осы аспектіде жалпы білім беретін мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінде қазіргі оқушыларды, оның ішінде жасөспірімдік шақ кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін пәнаралық байланыстың мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, әсіресе өнер түрлерімен өзара байланыста дамыту үлкен маңызға ие бола түседі

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.

Әлемдік аренада бәсекелестікке төтеп бере алатын мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, қоғамның әр саласына еңбек ететін мамандар жоғары кәсіптік, зияткерлік құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілетін, озық технологияларды жетік тек тұлға ретінде толық қалыптасқан, өз елінің азаматы болуы талап етіледі.

Қазір білім беруді ақпараттандырудың басты бағыттарының бірі оқыту мазмұнын, әдісі мен түрін компьютерлік оқыту технологиясын қолдану негізінде, атап айтқанда электронды оқулықтарды қолдану аркылы жаңа сатыға көтеруге бағытталған. Мұндай орта мектепте білім алушыларға технология сабағында өз іс-әрекетінің субъектісі болатындай мүмкіндік туғызып, оқу әрекетін жоспарлауға, өз алдына мақсат қоюға үйретеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, жалпы әдістемелік ғылыми зерттеу жұмысының ішіндегі маңызды мәселенің бірі «оқушы-компьютер» ара қатынасын анықтау болса, бұл мәселе компьютерлік оқыту технологияларды қолданудың психологиялық ерекшіліктерін ашуды талап етеді.

Соңғы жылдары білім беруді компьютерлендіру, яғни сабақ барысында электронды оқулықтарды қолдану мәселесіне арналған бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстары пайда болды. Компьютерді қолданудың жалпы психологиялық негіздерін Е.И. Машбиц, А.Г. Кушниренко, К.З.Халықова және т.б. ғалымдар қарастырған. Қазақстан Республикасындағы бұл мәселеге арналған маңызды зерттеулер катарына А. Айтмұхамбетов, Б. Әбдікәрімов, С. Боранбаев, Д.М. Жүсібалиева, Ж.А. Қараев, А.К. Мыңбаева және т.б.

Жалпы тұлғаның қалыптасуы көпқырлы, ол көптеген сыртқы және ішкі орта факторларды есепке алуды қажет етеді. Көбінесе тұлғаның қалыптасуы оның мектепте алған біліміне байланысты болады. Сондықтан қазіргі кезде оқытуға негізделіп педагогикалық технологияларды, соның ішінде электронды оқулықтарды қолдану жеке тұлғаны қалыптастыруға өз ықпалын тигізеді. Оқушының технология пәніне деген қызығушылығын оятуға да электронды оқулықтарды қолдану өз үлесін қосатыны анық. Оқушылармен бірге электронды оқулықтармен жұмыс жасай отырып, компьютерлік оқыту технологиясын меңгертуге бағытталған жұмыстары олардың физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, психиканың дамыту заңдылықтарын ескеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Психология ғылымы ең алдымен оқушыға беретін білім білік пен дағдылардың мазмұнын айқындау кезінде аса маңызды рөл атқарады. Мектеп оқушыларына технология пәнін үйрету барысында олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру - оқу тиімділігін қамтамасыз етудің бір шарты болып табылады. Оқытудың жаңа тұжырымдамаларына сәйкес білім беруде оқушы тек объект ретінде ғана емес, білім алудың белсенді субъектісі ретінде танылады.

Мектептегі білім алушылардың тұлғалық дамығандағы психологиялық ерекшіліктерін ескертуде мол мүмкіндікке жол ашатын құралдарының бірі - компьютер. Осы орайда, біз оқытуды компьютерлендіру процесін оқушының жеке тұлға ретінде дамуына, оның субъективті көзқарастың қалыптасуына өзіндік танымының, шығармашылдық ізденісінің ашылуына түрткі болатын, жеке түлғалы-әрекетті қатынас шеңберінде қарастыру керектігін өз жұмысымызға арқау етеміз. Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану белгілі бір мақсатты көздей отырып, пайдаланылғанда: ынталық, ақпараттық қарым-қатынасты дамытушы, бақылаушы және тағы басқа көптеген педагогикалық мүмкіндіктер жиынтығы жүзеге асырылады. Бұл электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқыту жағдайындағы оқушының дербес іс-әрекетін басқарудың маңызды бір аспектісі болып табылады.

Бүгін компьютер күнделікті өмірде әбден табиғи көрінеді. Оны оқушылар сабақта және оқудан тыс уақытта пайдаланылады, компьютер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, оларды сергітетін жайлы әсер тудырады және де оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіретін тиімді тәсілдердің бірі бола отырып, даралап оқытуға мүмкіншілік жасайды. Қазіргі заманда компыотер қолданушының барлық іс-әрекеттеріне, сұраныстарына сезімтал жауап бере алатын, оның тең серіктесі болып табылады. Төзімді жолдас, дана ұстаз, азаматтың ақыл-ойының биік жетістігі компьютердің қазіргі жастардың бос уакыттағы іс-әрекеттеріндегі психологиялық жағынан қалыптасуы және жеке тұлғалық дамуы үшін маңызы зор.


Оқушылардың танымдық қызығушылығының жеделдеуі сияқты табиғи белсенділіктерін арттыру мақсатында, қоғам өміріне қатысуын қамтамасыз етуде электронды оқулықтарды қолдану технологиясын қолданудың маңызы зор.

Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқушыларға өзіндік жұмыстарды орындаттыруға мол мүмкіндік бар. Өзіндік жұмыстарын электронды оқулықтарды қолдану технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру кезінде оқушылардың теориядан алған білімдерін қолдануды үш сатыда жүзеге асыруға болады:



Аталған сатылардың әрқайсысы білімді игерудің үш деңгейіне:

а) білу;

ә) түсіну;

б) біліктеуіне сәйкес келеді.


Осы тұрғыдан қарағанда технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін оқытудың әр түрлі әдістерін қолданумен тығыз байланыста жүргізіледі. Бұндай әдістер интенсивті ақыл-ой ізденістеріне ынталандырады, ойлау қабілетінің дамуына әкеледі, есте сақтау қабілеті мен дағдының қалыптасуына ықпал етеді. Яғни технология сабағы барысында электронды оқулықтарды қолдану жаңа тақырыпты меңгертуді ұйымдастыратын оқыту әдістерін тиімді пайдалануға, сонымен қатар сабақ үстінде оқушылардың белсенділігін арттырып, ақыл-ойын дамытуға үлкен үлес қосады.

Қазіргі уакытта ғалымдар іс-әрекет категориясының білім алуда методологиялық маңызды баса көрсетеді. А.М. Леонтьев, П.Я. Гальперин, Л.С. Выготский, т.б. ғалымдар еңбегінде жеке тұлғаның іс-әрекетінің дамуы, оны жүзеге асыру оның алдына қойған мақсаттарға жетудегі міндеттерді орындауға белсенділігімен байланысты болады деген пікір айтылады. Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану оқушы белсенділігін арттырады. Үйренуге берілетін тапсырмаларды өз бетімен орындауға, белгілі бір проблемалық жағдаяттарды шешуге деген талпыныс белсенділігін оятады. Білім алушының ойлау әрекетін жылдам меңгеруге қарай бағыттауда оқытудың нақты мақсаты айқын анықталуы қажет. Бағдарламалап оқытудың басты бөліктерін, яғни



    • басқарылатын объект (оқушы)

    • кезең-кезеңмен жүзеге асырылар бағдарлама,

    • жүйелі кері байланыс,

    • басқарудың оқу үрдісінде болуы білімгерлердің өз бетімен компьютер арқылы меңгерулерін қамтамасыз ете алады. Бұл ретте басты мақсат ретінде оқушының алдын-ала жоспарланған деңгейге біртіндеп жету көзделеді. Ол үшін әр оқушының кезең-кезеңмен жүзеге асырылар әрекетінің бағдарламасы ойластырылады. Оқыту үрдісінің тиімділігі мұғалім мен оқушы арасында компьютер арқылы жүргізілетін кері байланыс арқылы қамтамасыз етіледі. Меңгеруге арналған ақпараттың өнделуі мұғалім назарынан тыс қалмауы тиіс. Оқушы әрекетінің өндеуінен өткен ақпарат мұғалімге жетіп, кандай да бір түзетулер немес бағалау, кеңес берулерге ұшырайды. Бағдарламалар оқытудың тағы бір ерекшілігі оқыту нәтижесінің диагностикалануымен сипатталады. Яғни, бағдарламадағы әр кезең оқушының белгілі бір нәтижеге жетуіне бақылау жасайды. Оның әрекетінің жоспарлы түрде бір мақсатқа қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Белгілі бір мақсатқа жетуді көздеуде төмендегі жайттар ескерілуі қажет:

- оқушы әрекетін алдын-ала болжайтын тапсырмаларды ойластыру;

- оқушылардың білім деңгейін анықтауға арналған әрекеттер;

- шұғыл кері байланысқа құрылған білім алу кезеңдерін бағдарламалау;

- нәтижелі диагностикалау әрекеттері.

Сонымен, технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану оқушы іс-әрекетінің дұрыс бағдарламалануы оқыту тиімділігіне әсер етеді. Психофизиологиялық тұрғыда компьютер оқушылардың есту, көру, сөйлесу-қозғалыс мүшелерінің белсенді әрекет жасауына әкеледі. Компьютерлік оқыту технологияларын қолдану мидың қабығында қосымша тітіркенгіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде, И.П. Павлов теориясы бойынша, оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі білімнің терең де берік болуына жақсы әсер етеді. К. Мухлис өз еңбегінде: «Компьютерде жазылатын түрлі дыбыстық тапсырмалар акустикалық сигналдарды есту рецепторларын қоздырып, алғашқы есту нейрондарында белсенділік туғызу бастайды. Есту сенсорлық ақпараттарды одан соң есту жүйесінің бірқатар бөлшектерінің өте келе, ми қабығының естуге байланысты аймағына қарай жөнелтіледі»,-деген тұжырымға келген. Компьютерді қолдану нәтижесінде адам санасында көру, есту, моторлы және тағы басқа бірнеше анализатордың жұмысымен байланысты сезімдік бейне қалыптасады. Оқушылардың ойлау, қайта жаңғырту, байқағыштың қабілеттерін, сондай-ақ, ақыл-ой парасатын дамыту үшін оқу процесінде көру анализатордың іске қосудың маңызы зор. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін электронды оқулықтарды қолдану өте тиімді.

Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану оқытуды жекелендіреді. Мұның негізінде кері байланыс орнайды, оқушылардың өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі түзету жүзеге асады; оқудың мотивациясы күшейеді; рефлексияның дамуы қамтамасыз етіледі. Басқа құнды қасиеттеріне қоса, компьютер оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшіліктерін ескеруге және олардын жеке тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді.

Оқу үрдісін психология, педагогикалық тұрғыда жаңаша ұйымдастыру білім беруде жаңа компьютерлік оқыту технологиясының нақтырақ айтқанда технология сабағында электронды оқулықтарды қолданылумен тығыз байланысты. Жаңа компьютерлік оқыту технологиясы осыған орай нені көздейді:

1) Білім философиясы - оқу-тәрбие ісінде мемлекетті, қоғамдық жеке тұлғаларды алға бастайтын, адастырмайтын және туындаған негізгі мәселелерін дұрыс тұжырымдауға жетектейтін шамшырақ. Білім философиясының керегесі мектеп оқушысын жеке тұлға ретінде ізгілікке, шындықка және еркіндікке баулиды.

2) Білім мазмұны - негізгі төрт тірегін танып білу, есте сақтау, қолдану мақсаттарына арналған ғылыми жетістіктерінен тұратын білім. Бұл білім өзге пәндерді кіріктіру мәселені дұрыс шешуге айкындалды. Жаңа компьютерлік оқыту технологиясының жүйесі пәндері кіріктіруге жол ашады. Бұл оқу жүктемелерін барынша жеңілдету пәнаралық байланыс арқылы табиғат қатынасын тұтас дүние ретінде таныту мәселесін шешеді. Жеке пәндердің саралау іске асады. Теориялық әрі практикалық маңызы төмен материалдар қысқартылады.

3) Білім игеру, оны ұзақ еске сақтау, қолдану уақытқа байланысты екені белгілі, оны шешу оқушы психикасының даму ерекшіліктерін, жұмыс қабілетін, білімді игеру қарқынын, денсаулығын ескере отырып, сабақтың ұзақтығын реттеу компьютерлік технология жүйесі арқылы толық іске асырылады.

4) Компьютерлік оқыту технологиясы - жаңа педагогикалық технология. Осы білімді игертудің барлық маңызды жүйелері мен әдістерді тиімді тәсілдері орын тепкен технология.

Технология сабағында электронды оқулықтарды қолдану компьютерлік оқыту технологиясының енуі мұғалім мен оқушы арасындағы кәсіби және психологиялық байланысты нығайта түседі. Сонымен, оқытудың жаңа технологияларды, соның ішінде мектеп жүйесінде кеңінен қолданыс тауып жүрген компьютерлік оқыту психологиялық ерекшіліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.

«Оқушы-компьютер» жүйесіндегі ара қатынас мәселесін жан-жақты қарастырып, оқыту кезінде тиімді қолдану арқылы жоғары жетістіктерге жетуге болады. Мұғалім осы жүйенің негізгі, басты сегменті ретінде келесідей қасиеттерге ие болуы керек:

- психологиялық сәйкестілік;

- оқушылардыойлау қабілетіне ие дамушы тұлға ретінде тану;

- оқушыны сирек кездесетін қабілетке ие дамушы тұлға ретінде тану;

- сабақты әр оқушының қабілеті мен мүмкіндіктеріне сай диференциалды түрде құра білу.

Сонымен қатар ұстаз оқушыларға білім берудің қазіргі кездегі жаңа технологияларды қамтитын әдебиеттерді оқып, өз тәжірибесінде ұтымды пайдалана білуі керек.

Пайдаланған әдебиеттер



1. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. Алматы. Республикалық баспа кабинеті, 1995.
2. Кузин В. С. Изобразительное искусство и методика его преподавания в школе. Ангар, 1998.
3. Ералин Қ., Халмұратов Ж. Қазақстан бейнелеу өнерінің шеберлері. Алматы. М-Талант фирмасы. 1997.
4. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы. 2002.
Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> statiya
statiya -> Сабақтың тақырыбы: «Қымыз» Этнолингвистикалық атаулар (7-сынып)
statiya -> Бала тілін дамытудағы әдебиеттің алатын орны
statiya -> Сабақтың мақсаты : а Сөйлем оның түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
statiya -> Темиргалиев Дидар Тулеуұлы технология және сызу пәнінің мұғалімі Май ауданы білім беру бөлімі «Қосымша білім беру мекемесі»
statiya -> В обществе возрастает потребность в людях, обладающих нестандартным мышлением, способным внести новое содержание в социальную, культурную, производственную сферы жизни, умеющих ставить и решать новые задачи
statiya -> Отбасылық спорттық жарыстарға қатысудағы ата-аналар белсенділігін арттыру жолдары
statiya -> Басқару қызметіндегі коммуникация
statiya -> Өнеге сағаты: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Білімділік мақсаты
statiya -> Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
statiya -> Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы Жай мұғалім хабарлайды


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет