Замануи діни экстремисттік ұйымдарға ену ерекшеліктері



жүктеу 50.14 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі50.14 Kb.

Замануи діни экстремисттік ұйымдарға ену ерекшеліктері.

Діни экстремистік ұйымдар қарама-қайшы көзқарастарға толы, әрі күрделі мәселе. Экстремитік ұйымдар, жайдан-жай пайда болып жатпайды. Оған түрткі болтындай жағдай қажет. Себеп пен салдарын білу, олрдың шынайы табиғатын ашып беруге көметеседі.

Ақиқат көзімен қарасақ, оның субстанционалдық негізін жастар құрайтаны мәлім. Ал оған келу жолдары қандай? Не болмаса, жастарды осындай ұйымдарға тарту жолдары қандай? Әрине, осы және басқа да сұрақтарға жауап іздестірдік.

Ену шарттары. Заманауи секталар, жай көзбен қарағанда, әлеуетті жақтаушыларға ешқандай талап қоймайтын, ашық ұйымдардан тұрады. Алайда, олар өз мүшелеріне тарту барысында психологиялық әсер қолдана отырып, сыртқы әлемнен жабық болып қалады.

Мұнда сектанттық ұйымдардың формаларына тереңірек тоқталу қажет себебі, олар «біріншіден, діни идеяларды жүзеге асыру үшін; екіншіден, мүшелері діни доктриналарға сай әрекет ететін және керек уақытында іс әрекетке дайын болатын қоғам мүшелерін құруды көздейді» [1:479].

Көптеген діни секталардың ұйымдық құрылымы күрделі. Олар «тал» тәріздес, «тамыры» орталық ұйым, ал бұтақтары бірінші қарағанда орталықпен байланысы жоқ, дербес қызмет көрсететін сыртқы «қасбеттік» ұйымдар. «Жапырақтары» болса, екуінен тәуелсіз жеке дара ұймдарды құрайтын тәріздес. Міне, осындай діни секталарды бірден әшкерелеу қыйндық туғызады.

Олардың әрекеті, біріншіден, діни доктринаны зайырлы, қол жетімді түрде, яғни сыртқы әлемде таралатын, топтың ішіндегі айтылғандардан ерекшеленетін идеялармен насихаттауға; екіншіден, қоғамда аяушылық, қызығушылық жағдайын қалыптастыруға; жаңа ізін ерушілерді тартуға (қасбеттік ұйымдар әлеуетті жақтаушыларға ешқандай талап қоймайды); үшіншіден, ішкі топ мүшелерін сыртқы, шынайы әлемнен, қоршаған шындықтан қорғауға; ұйымдастырушылық құрылымының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Алайда аяушылық танытушылардың сыртқы ортадан діни сектаның қатардағы мүшесіне өтуі белгілі бір шарттарды орындауды көздейді. Онсыз мүше болу мүмкін емес. Және де сектаның жасырын қалуына да қолайлы.

Осы сынды өзара әрекеттер осы қозғалыстың ішіндегі әртүрлі деңгейлерде бар. Діни сектаның қатардағы мүшелері оның элитасынан алшақ. Олар білімнің толықтығына ие емес, сыртқы өмірде қатысуды жалғастырады, олардың барлық іс-әрекеттері діни идеялармен негізделмейді.

Ұйымның ішінде алға қарай жылжу сыртқы әлемнің құндылықтары және байланыстарынан ақырындап бас тартумен, өзін діни идеяға бағындырумен, өзін толықтай топпен тануымен жүреді. Ұйым қойған талаптарды орындаудың табыстылығына қарай адам қатардағы мүшелер ортасынан элитаға ауысады.

Діни секта ұйымының өзі индивидтің бір басқыштан келесі басқышқа өтуіне дайындайды.

Осылайша, заманауи діни секталарда сыртқы ортамен байланысты үзу кезі кеш сатыға ауыстырылған, ақырындап жүзеге асады, және адам (жасөспірім) оны әрдайым аңғара бермейді. Ұзақ уақыт ішінде әлеуетті еруші (шәкірт) таныстыру семинарлары, дәрістерге қатысады, онымен сөйлеседі, оның дайындығы және ұйымның қызметіне қосылуына қарай оған «ашылудың» жаңа және одан басқа жаңа қабаттарын ашады. Адам қайталанып жатқан процестерге, болып жатқан жағдайға, есеп бере алмайды, діни доктрина және діни ұйымның қызметі туралы толық ақпаратқа ие болмайды.

Заманауи діни секталар әлемнен жабық ұйым болып қалады және өз қатарына тек қатаң ішкі нормаларға сай келетіндерді қабылдайды.

Діни секта - кішігірім әлеуметтік топ және діни идеялар мен топшілік процестерді ұйымдастыру формаларының өзара шарттастықта екендігін ескере отырып, діни сектаның қатарына қосылу шарттарын философия, дінтану әлеуметтік психология, әлеуметтану жәнеқылмыстану ережелерін пайдалана отырып түсіндірілуі мүмкін және қажет.

Ең алдымен, зерттеліп отырған топтың көлемін анықтап алу қажет. Біз құрамы бойынша аз ғана болған, мүшелері жалпы әлеуметтік қызметпен біріккен және ішкі сезімдік қатынаста болатын (ортақ идея, ортақ тағдыр т.б.), топтық процестердің туындауы үшін негіз болатын жеке сөйлесу жағдайында болатын ішкі топты қарастырамыз.

Секта діни идея ұйымының ерекше типі ретінде әлемнен жабық, сондықтан оған енудің қатаң шарттары тән. Діни сектаға кіші топ ретінде жаңа мүшелерді тарту және топтағы тұрақтылықты сақтау аса маңызды болып табылады. Осыған орай,діни секталар қалыптасуының негізгі психологиялық механизмі индивидке топтық қысым көрсету, көбінесе үгіт насихаттау, әңгімелесу, сирек жағдайда физикалық әсер ету құбылысы болып табылады, нәтижесінде индивид топқа бағынады және тәуелді болады.

Топтық қысымның психологиялық механизмін құраушылардың бірі индивидті діни идеяны тарату, зерттеу және насихаттау, оны жүзеге асыру бойынша бірігіп қызмет етуге қосу болып табылады жоғарыда атап өттік. Психолгияда атап өтілгендей, бірігіп қызмет ету топ мүшелері арасында ерекше эмоциялық, ерекше сезімдік қатынастардың туындауына әкеледі.Индивидтің жаңа құндылықтар мен нормаларды қабылдау үшін негізді қалыптастыратындығы көрсетлген.

Тұлғаны бірте бірте, әрқайсысы белгілі бір уақыт аралығынан кейіналдымен - бұл оқу негізін құрайтын теориялық зерттеу, содан кейін іс әрекет негізін құрайтын тәжірибе болып табылатын қызметтің әртүрлі түрлеріне қосу, діни ілімнің индивидпен қабыдланатындығына, ол үшін жеке басылық мәнге ие болуына, тотптық құндылықтарды меңгеру және топтық нормаларға бағынуын жеңілдетуге ықпал етеді. Өзекті деген сұраныстарға қол жеткізуге бағытталған қызметті жүзеге асыру арқылы, үстанып отырған діни доктринаны орталандыру немесе мәндік ету процесіжүзеге асады.

Тұлғаның топтың пікірі мен қысымына бағынуы сыртқы, яғни индивид топтық қысым алынғаннан кейін өзінің бастапқы пікіріне оралады және ішкі, яғни топ тұлғаға қысым жасауды тоқтатқанның өзінде, индивид үшін топтың пікірі бағыт беру мен басшылыққа алу көзі болып қалады. Осы ішкі жайлылық не өзіне деген сенушілік, топшілік иланушылық немесе топтың адам санасына әсері ретінде аталуы мүмкін, онда тұлғаның әрекеттерін өзі реттеу бейсаналы түрде, қабылданған үстанымына сыни көзімен қарамаушылық және топ пікірінің әсерінде болады. Бұл психологиляқ жағдай, Фрейдтің тілміне айтатын болсақ, «латентті», «тылсым» және «жасырын».

Діни сектаның әрекеті оған жаңа мүшелерді «қосу» бойынша топ ретінде индивидте топтың ұстанымын, пікірін, нормалары мен құндылықтарын сыни емес тұрғыда меңгеру, тұлғаның топшілік иланушылық типі бойынша бағынуына ықпал ететін психикалық жағдайды қалыптастыратындай етіп құрылған.

Бұдан басқа, тоталитарлық секта болып табылатын үлкен әлеуметтік топтың аясындағы қандай да бір кіші топқа енуге қажетті көптеген сынақтардан өту процесінде өз кезегінде психологиялық алмасу, нақтырақ айтқанда - тұлға мен топ арасында құндылықты алмасу жүреді.

Алайда біз діни сектаға кіру процесінде құндылықты алмасудың барлық сатылары бұрмаланған деп болжаймыз, өйткені осындай түрдегі топтың қызметімен алғаш рет жанасқан сәтінен бастап, адам психологиялық әсер ету объектсі болады, бұл оның жағдайды, топ оған ұсынған құндылықтар мен нормаларды сыни бағалау, құндылықты алмасуда толық түрде жан-жақты қатысудағы оның қабілетін төмендетеді. Мұндай квазиқұндылықты алмасуды психологиялық әсер ету элементіне жатқызуға болады. «Қанадай да өмір болмасын ол – ұмтылыс, мүмкін сол жалғыз қана өмір сүруге құқылы»[2:97].

Сондықтан, адам болмысы бостандыққа ұмтылатын және де дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға талпыныс.



Әдебиеттер:

  1. Арендт X. Истоки тоталитаризма. М., «ЦентрКом», 1996. – 672 с­.

  2. Кабыкенова Б.С. Идея свободы в истории философии права. Алматы.: Қазақ университеті, 2004. – 310 с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет