Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданында Өскемен – Тарғын – Самарское тас жолында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданында Өскемен – Тарғын – Самара облыстық тас жолының 132-ші шақырымында жауын-шашын мен желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүрді. Оның жалпы көлемі 1300 текше метрді құраған. Құрбандар мен зардап шеккендердің жоқ екені айтылады.

  • Эльбрус тауынан түсе алмай қалып, аяғын үсік шалған қазақстандық альпинист құтқарылды
  • Ақмолалық әйел жаңа туған сәбиіне қарлы боран кезінде оны құтқарып қалған ер адамның есімін қойған

Жолды тазалаумен "Облшығысжол" ЖШС айналысуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оқиға орнына барған. Посттар қойылған.

Бұған дейін Алматы облысында Асы обсерваториясының маңында болған қар көшкіні жолды жауып қалғаны белгілі болған. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.