Қазақстанда кальян сататын мейрамхана мен дәмхана иелеріне айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Istock

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева қоғамдық орындарда кальян тұтынуға тыйым салынғанын еске салды. Бірақ соған қарамастан олар бар мен мейрамханаларда еркін пайдаланылып жүргенін атап өтті.

"Осыған байланысты парламент мәжілісінің депутаттарымен әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде айыппұл сомасын көбейту нормаларын пысықтаймыз. Қазіргі заңнамада темекі өнімдерін тұтынатындарға қатысты жаза болғанымен, оны тұтынуға мүмкіндік беретін рестораторлар мен кәсіпкерлерге қатысты норма жоқ. Осыған байланысты біз қазір талқылап жатырмыз, әкімшілік құқықбұзушылық шеңберінде жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді — яғни ресторатор мен кәсіпкерлерге салынатын айыппұл сомасы артып мен норма күшейтіледі", — деп түсіндірді Сәрсенбаева.

Айта кетейік, бүгін сенат отырысында депутаттар вейптерге толықтай тыйым салатын заңның бөлігін қабылдамай, мәжіліске қайтаруға дауыс берді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.