Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев алдағы екі жылда Арал теңізінің аумағын көгалдандырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: suntravel.uz

Министр Аралдың құрғаған бөлігінде алдағы екі жылда миллионнан астам көшет отырғызып, көгалдандыруды жоспарлап отыр.

Ведомствода Аралды көгалдандырудың екі әдісі қарастырылды. Бірі – тұқым егу, екіншісі – көшет отырғызу. Алайда Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, көшет отырғызу әлдеқайда тиімді. 

  • Ақтаудағы Rixos қонақүйіне салынған айыппұл көлемі 350 млн теңгеге дейін артты – Экология министрі
  • Министр Нысанбаев орынбасарының кабинетінде жүргізілген тінтуге қатысты пікір білдірді

“Теңіздің құрғауынан пайда болған тұзды шаң-тозаң бүкіл облыстың ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан түбін өсімдіктермен жабу маңызды. Бұл тұздың таралуын азайтады”, – деді министр.

Бұған дейін министр Ерлан Нысанбаев қоқысты бөлек жинауға көп шығын кететінін айтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.