Ақтөбеде 9 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысының полиция департаменті 9 қаңтар күні сағат 23:00-де үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған Әділ Назеновке іздеу жариялады. 2011 жылы туған жасөспірімнің үстінде қою жасыл түсті күрте, қара шалбар, ақ түсті жейде мен қара аяқ киімі болған.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат бірген адамдардың 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.