ҚР Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің басшысы Перизат Садуақас өзінің Facebook парақшасында Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер құрамына қандай адамдардың кіре алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Бөлім басшысы бұл іріктеу жабық сотта өтетінін баяндады.

“Алдын ала тыңдаудан кейін сот алқабилерді таңдауға кіріседі. Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы, егер кейбіреулері ауырып қалса немесе күтпеген жағдайлар туындаса) алқабилер алқасы қалыптастырылады. Ақпараттық жүйе заң талаптарына сәйкес келетін (25 жастан 65 жасқа дейін және т.б.) азаматтарды тізімге кездейсоқ түрде енгізеді. Қосалқы алқабилер де сот отырысына қатысуға міндетті, бірақ кеңесу бөлмесіне 10 негізгі алқаби мен 1 судья барады. Алқабилер алқасына қандай да бір жолмен ықпал етуге болмайды. Алқабиге соттағы өз міндеттерін атқару кезеңінде судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері беріледі. Сондай-ақ алқабилерді іріктеу рәсімі жабық сот отырысында өтуі заң жүзінде бекітілген.   Алқабилер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстары мемлекеттің қорғауында болады”, – деді ол өз жазбасында.

  • "Барменді балағаттаған": Желіде Қуандық Бишімбаев түсірілген видео қызу талқыға түсуде (видео)

  • Бишімбаевқа изоляторда ерекше жағдай жасала ма – Ішкі істер министрі жауап берді

Перизат Садуақас сонымен қатар соттың сұрауы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" ақпараттық жүйесі арқылы автоматты түрде қалыптастырылған бастапқы тізімдегі 300-ге жуық адам шақырылғанын алға тартты.

“Айыптаушы және қорғаушы тараптың қатысуымен өтетін отырысқа келген азаматтардың арасынан қандайда бір себептермен алқабилердің міндетін атқара алмайтын (соттылығы алынбаған немесе соттылығы бар, процесске қатысушылармен туыстық қарым-қатынасының болуы, психикалық, мінез-құлық бұзылыстарымен байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрғандар, сот ісі тілін білмейтін тұлғалар және т.б.) тұлғаларды тексеру жүргізіледі”, – деп қосты ол. 

Еске салсақ, Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилердің 27 наурызда іріктелетінін хабарлаған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.