Сенат кулуарында журналистер Сыртқы істер вице-министр Роман Василенкодан отандастарымыз бармауы керек елдер тізімі туралы сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сенат кулуары

Ол мұндай тізімдер жарияланбайтынын атап өтті. 

"Менің білуімше, біз мұндай тізімдерді жарияламаймыз. Біздің министрлік сайтында Қазақстанның қай елдермен визасыз режимі бар екені жарияланады. Виза талап ететін елдердің тізімі де бар. Бірақ біз әрдайым шетелге шыққан азаматтарға, қарапайым тілмен айтқанда миды қосып, бару қажет пе деген сұраққа жауап іздеп, төнуі мүмкін қауіпті өз бетінше бағалау керек деп ашық айтамыз. Егер соғыс жүріп жатқан ел болса, Жерорта теңізінің жағалауында орналасса да курортқа барудың қажеті жоқ екені белгілі", – деді министр орынбасары. 

Бұған дейін Роман Василенко биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға тәліптер шақырылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме бергенін жаздық. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.