Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін аукционға шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: e-auction.gosreestr.kz

Мәліметтерге сүйенсек, қонақ үй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587 914 758,00 теңгеге тең.

Айта кетейік, аукцион 27 наурызда өтеді. Келісімшарт негізінде жаңа қонақ үй иесі мүлікті қонақ үй бизнесін жүргізу үшін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануы керек. Бұдан бөлек, жаңа қожайынның Қазақстандағы қонақ үйлерді басқару саласында кемінде 7 жыл тәжірибесі болуы шарт.

  • Қайрат Боранбаев тағы бір сотта жеңіске жетті: Енді кәсіпкерге 679 миллион теңге қайтарылады
  • "Жұмыс істеуге мүмкіндік бергеніне рақмет": Боранбаев бостандыққа шыққалы алғаш рет пікір білдірді

Еске салайық, Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген еді. Кейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қонақ үйдің елорда әкімдігінің меншігіне берілетінін мәлімдеді.

Алайда әкім бұл нысанды әлеуметтік қызметке берудің қажеті жоқтығын, елордада туристік мақсаттағы мұндай деңгейдегі қонақ үйлердің тапшы екенін баса айтты.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.