Алматыда Рамазан айындағы іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: muftyat.kz

Бұл туралы Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мәлімдеді. 

Биыл қаладағы 54 мешіттің 50-де тарауих намазы оқылады. Алматы орталық мешітінде күн сайын 500 адамға арналған үлкен ауызашар ұйымдастырылатын "Рамазан шатыры" орнатылады. Ауызашарлар қаладағы басқа мешіттерде де өтеді. ҚМДБ ресми түрде биылғы жылды "Ислам және салт-дәстүр құндылығы" жылы деп жариялағандықтан, қасиетті айда қазақы салт-дәстүрге сай іс-шаралар өткізілмек.

"Ораза айы Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келгендіктен, кешкі ас кезінде мешіт қонақтарына наурыз көже мен бауырсақ тағамдары ұсынылады. Ауызашар өтетін орындар қазақтың ою-өрнектерімен безендіріліп, "Жарапазан" айтылады", — деді Төлеби Оспан.

Еске салсақ, бұған дейін 2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесін жариялаған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.