Бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот залына Бишімбаевтың анасы мен оның қорғаушылары кірді. Сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен басқа да туыстары келді. Оқиға орнында Нүкеновтердің мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Уразбахова да бар.

 

Алайда сот орындаушылары журналистерді кіргізуге, сұхбат алуына рұқсат бермей жатыр. 

Прокурор бірнеше мәлімдеме жасады. Оның сөзінде:

Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген;

Бишімбаев Нүкенованың барлық телефон қоңырауларын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салып, толығымен қаржылай тәуелді еткен; 

Қызғанып, жүйелі түрде физикалық күш қолданған;

2023 жылдың наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан; 

Салтанат Нүкенова ағасына. Ол оны Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ ол көнбеген – 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге шақырды. Ол зорлық-зомбылық тоқтатылады деген үмітпен келісті. Алайда ол оған физикалық күш көрсетуді жалғастырды

Материал толықтырылып жатыр


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.