Бекітемін:..........................
Мектеп директоры:Джусупова С.А
«15 » қараша 2016ж
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
он күндік жоспары.
2016-2017 оқу жылы
№
|
Іс-шара
|
Мерзімі
|
Жауаптылар
|
1
|
Жасөспірім және көше
(кешкі рейд жүргізу)
1-9 сыныптар арасында
|
15-30.11.2016
|
Тәрбие ісінің меңгерушісі
Сынып жетекшілер
Психолог
|
2
|
«Біз әлемді өзгертеміз, зорлықсыз әлемді қалай құруға болады»
(эссе, шығарма жазу ) 5-8 сынып
|
16.11.2016
|
Қазақ тілі мұғалімі
|
3
|
«Сенім» телефонын, жәшігін
ұйымдастыру
|
18.11.2016
|
Психолог
|
4
|
«Әр қашан күн сөнбесін»
(Сурет көрмесі) 2-6 сынып
|
19.11.2016
|
Сурет пәнінің мұғалімі
Тәрбие ісінің меңгерушісі
|
5
|
«Салауатты өмір салтын қолдау,денсаулық сақтау қызметкерлерімен кездесу»
5-9 сыныптар арасында.
|
21.11.2016
|
Мектептегі медбике.
Тәрбие ісінің меңгерушісі
|
6
|
«Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыспен құқық бұзушылықтың алдын алу» лекция.
5-9 сыныптармен кездесу
|
21.11.2016
|
Жасөспірімдер инспекторы,
Мектеп инспекторы
Тәрбие ісінің меңгерушісі
|
7
|
БАҚ-қа және мектеп сайтына жариялау
|
15-30.11.2016
|
Кітапханашы
Әкімшілік
|
8
|
Тренинг психологиялық
«Біз зорлық зомбылыққа қарсымыз»
|
25.11.2016
|
Психолог
|
9
|
Атқарылған іс-шараларды қорытындылау.Аудандық білім бөліміне есеп беру
|
30.11.2016
|
Психолог
Тәрбие ісінің меңгерушісі
|
Психолог: Муканова Р.Ж
Көркем негізгі мектебі.
«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігінде өткізілген іс- шаралар жөнінде мәтіндік есеп
Жүргізу күні ,уақыты: 15.11.2016-30.11.2016
Сыныбы: 1-9 сынып
Мақсаттары: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
-
Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету
-
Зорлық–зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
1 .«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында он күндік өткізілді.Ұстаздар кешкі рейд жүргізіп 1-9сынып оқушылары бақыланды және талданды.Мектебімізде «Сенім» телефоны, жәшігі қызмет етеді.Бұл қызмет бойынша тіркелген хаттар мен қорыраулар жоқ. Мектеп оқушыларына балалардың құқықтарын қорғау мақсатында бірыңғай колл-центр қызмет ететіні хабарланды.111 номеріне қоңырау шалып,кез-келген өтініштеріңізді білдіре алатыны және колл-центр тәулік бойы қызмет ететіні жайлы ақпараттар беріліп, мектеп дәлісінде арнайы бұрыштама жабдықталып,мектеп сайтына орыналастырылды.
2 .«Біз әлемді өзгертеміз, зорлықсыз әлемді қалай құруға болады» тақырыбында 5-8 сыныптар арасында эссе жазылды. Оқушылар өз ойларын шамалары келгенше эссеге түсірген.
3.2-6 сынып оқушылары арасында «Әр қашан күн сөнбесін» атты сурет көрмесі өткізілді оқушылар берілген уақыт ішінде суреттерді салып қорғады.
4.«Салауатты өмір салтын қолдау» мектеп мейірбикесі А.Касенова
5-9сынып оқушыларымен Денсаулықтарын қалай күтіп, гигиеналық талаптарды айтып, оқушыларға лездеме оқыды.
5.Мектебіміздің 7-8 сынып жетекшісі Муканова Рышан сынып оқушыларымен «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты сынып сағаты өткізді.
М ақсаты: Оқушыларға зорлық – зомбылық туралы мағлұмат беру,адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Тәрбиелік мәні:Оқушыларға өз орталарында мейірімді болуға,бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Өткізу әдісі:түсіндіру, пікіралысу
Кіріспе сөз:Қоғам үшін ең бастысы тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы.Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау–конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде,денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығы мен бостандығын қорғау мен зорлық – зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке,әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету.
6 .Мектебіміздің 5-6 сыныбында «Зорлық -зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында әңгімелесу өткізілді. Онда мектеп жасындағы балалар білім алуға, үйірмелерге, спорт секцияларына қатысуларына құқылы және мектеп атынан сайыстарға , байқауларға және жарыстарға қатысуға болатыны жайлы айтылды. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді. Балалардың ата-аналары үнемі қадағалап отырады. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайды және қоғам алдында жауап береді. Сонымен қатар, оқушы балалар түнгі уақытта көшеде жүруге болмайтыны жөнінде ескертілді. Осы іс-шараға учаскелік инспектор полиция қызметкері Мусулманбеков Д. қатысты. Балаларға темекі тартуға, ішімдік ішуге және нашақорлықпен айналысуға тиым салынады. Зиянды әдеттерден сақтандырып , ата-ана өз баласының балалық шағын қорғап , баласының жақсы тұлға болып өсуіне ықпал етуі керек. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы балалардың бақытты балалық шағын құптайды және осы мақсатта жұмыс жасайды.
7  .«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық компаниясының іс-шаралар жоспарына сәйкес Көркем негізгі мектебінің 1 сынып жетекшісі Мухамедиярова Ш.Ж-қызы «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Негізгі мақсаты: отбасында бала тәрбиелеуде ата -ананың беделін көтеру, жеке тұлғаны қалыптастырудағы олардың рөлі мен адамгершілік, азаматтылық, ізеттілік, парасаттылық қасиеттерін сіңірту, отбасы мүшелерінің татулығы мен өзара қарым қатынасын күшейту, адам құқығын білу. Сынып жетекшісінің ұйымдастыруымен «Бақыт-деген сенін балалық шағың» атты тренинг ойыны өткізіліп, оған оқушылар белсене қатысып, пікірлерімен бөлісті. Құрметті балалар ! Заң құқықтарын сақтай отырып, еліміздің болашағы боламыз, келешектізорлық-зомбылықтан, құқық бұзушылықтан сақтайтын, парасатты да білімді азаматтар мен азаматшалар болып өсуге серт берейік!
8 .Зорлық-зомбылық көріп жүрген оқушыларды анықтау барысында 1-9 сынып оқушыларына «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізілді.
Тренинг соңында жеткіншектерге арналған ескертпелер таратылды.Қорытындысы бойынша оқушылардың барлығы зорлық зомбылық туралы ешқандай қиындық көрмегендері туралы, оларға ешкім қысап қиындық көрсетпегендіктерін,өз өздерін қорғай алатындықтары байқалды.
Психолог:Муканова Р.Ж
Достарыңызбен бөлісу: |